Аймақтар • 16 Тамыз, 2018

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

765 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті. Облыс әкім­­­дігінің қолдауымен өт­кен фес­тивальды облыс­тық туризм және сыртқы бай­ланыстар басқармасы мен облыстық альпинис­тер федерациясы ұйым­дастырған болатын.

Түркістан облысында «Бұ­л – біздің таулар!» фес­­тивалі өтті

Ақтөбе, Қарағанды облыс­тарынан ат арытып арнайы кел­ген альпинистерге осы жақ­тағы әріптестері мен еріктілер тобы қосылып, барлығы отыздан астам адам құзар шыңға аттанған-ды.  Биік шың­дарды бағындыруға бел буған­дар­дың мақсаты – Елбасы­ның «Бола­шаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарлама­лық ма­қа­ласы аясында кеңестік кезеңде түрлі атауға ие болған шыңдарға Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің есім­дері жа­зыл­ған тас орнатып, ту тігу ғана емес еді. Яғни Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында өткен тау фестивалінің мақсаты – ішкі спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың турис­тік әлеуе­тін насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын жүзеге асыру. Биікке көтерілгендердің мақсат­қа жетудегі табандылығы мен төзімділігінің нәтижесінде шыңдарға тас орнатылып, ту тігілді. 

Нақтырақ айтсақ, облыс­тағы 3 биік шыңның атауы өз­гер­­ді. Бұрын «пик Сту­дентов» (3750 м) деп атал­ған шың енді Әйтеке би шыңы деп аталса, «Кергели узловая» (3787 м) шыңына Қазы­бек бидің есімі берілді. Ал, «Рощина» (3860 м) шыңы енді Төле би шыңы деп аталады. Фес­ти­вальді қорытындылау рәсімін­де Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков «Рухани жаңғыру» бағдарла­масы аясында өткен фестиваль­дың маңыздылығына тоқта­лып, альпинистерді Алғыс хатпен марапаттады. Ал облыстық альпинистер федерациясының президенті Бақытжан Асанов туризмді дамыту бағытындағы мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Сондай-ақ фестиваль барысында велошеру, ұлттық ойын­дардан сайыстар, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 

Айта кетелік, бұған дейін фес­тиваль аясында альпинис­тер бастаған еріктілер тобы  Өгем тау жотасының шы­ғыс жағында орналасқан тауға шығып, оған «Қазақстан хал­қы Ассамблеясының 20 жыл­дығы шыңы» (биіктігі 3535 м) атауы берілген, еліміздің Көк бай­­рағы мен Ассамблея туын жел­біреткен болатын.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы