Жақсы іс жалғасын табады

Халқымыздың қанындағы қайырымдылық, ізгілік қасиеттері, қиналғанға қол ұшын созу, барын бөлісу, жоқ-жітікке қанатымен су сепкен қарлығаштай болып көмекке ұмтылуы бүгінгі ұрпақ бойынан жоғалған жоқ. Бұл ел арасында атымтай азаматтардың еңбектерінен көрініс беруде. Маңғыстау облысында «Атамекен» кіші бағдарламасы бойынша 2017 жылы 59 іс-шара жүзеге асырылып, жалпы қаржысы 11 млрд 4 млн 514 мың теңгені құрады.

Егемен Қазақстан
17.08.2018 2279
2

– «Туған жерге тағзым» акциясымен Маңғыстау ауданы Шайыр мектебінің түлегі, кәсіп­кер Са­мат Мұсабаев мұғалімдер кү­ні мерекесі қарсаңында 6 зей­нет­­керге 50 мың теңгеден, бү­кіл мектеп ұжымындағы 100 адам­ға 25 мың теңгеден сыйақы та­ғайындады және тұрақты түрде мек­тептің республикалық сайыс жүлдегеріне 1 млн, облыстық дең­гейге 500 мың, аудандық дең­гейге 200 мың теңгеден сыйақы тағайындап келеді. Cонымен қатар Самат Мұсабаев бастаған облыс кәсіпкерлері Маңғыстау ауданындағы «От­пан тау» тарихи-мәдени ке­ше­ніне 80 миллион теңгеге қа­зақ­тың үш биінің ескерт­кішін орнатты. Ауыл азаматтары Түпқараған ауданы Бау­­тин ауылында «Байділдә ата» қо­рымы жанына 10 миллион тең­геге түнеухана мен сыртқы қор­шауын салса, Жаңаөзен қа­­ла­сы, Түпқараған, Бейнеу, Маң­ғыстау, Қарақия аудандарында жал­пы сомасы 293 миллион­ тең­­геге демалыс алаңдары мен сая­бақтарды тарту етті, – дейді «Рухани жаңғыру» өңірлік жо­балық офис басшысы Г. Азан.

Туған жерге, алтын бесігіне қол­ғабыс жасаудан жас буын да қалыс қалар емес. Бейнеу ауда­ны Тұрыш ауылының мектеп түлектері туған ауылына­ құ­ны 2 млн теңге тұратын «Де­малыс паркін» тарту етсе, аудан орталығында кәсіпкерлер қар­жысына «Жұбайлар бағы» салынды. Ал Түпқараған ауданы Таушық ауылы Шахта орта мектебінің 1997 жылғы түлектері ауылдан 1 млн тең­геге шағын саябақ салып қуант­­­са, Маңғыстау ауданын­да адан тұрғындарының ұйымдас­ты­руымен Жастар саяба­ғы тұр­ғызылды. 

Маңғыстау облысындағы қа­лалар мен аудандардағы 50 орта мектеп 208,6 млн теңгеге және 4 арнайы түзету мектебі 27 млн теңгеге қажетті инвентарлармен жабдықталды. Ақтау қаласында, Маңғыстау, Бейнеу, Мұнайлы, Түпқараған аудандарында жалпы 902 млн 600 мың теңгеге спорттық кешендер мен алаңдар салынды.

− Жоқтан бар жасауда, ауыл­­ды дамытуда халықтың бел­сенді­лігі жоғары. Оларға кә­сіпкерлер қолдау көрсетіп, ауыз­біршіліктің ар­қасында біраз жұ­мыс­­тар жол­ға қойылды. Өңір­дегі ірі компа­ниялардың да үле­сі зор. «Тен­гиз Шевройл» ЖШС 46 млн теңгеге Бейнеу ауда­ны­ның Бо­ран­құл ауылында 200 орындық спорт алаңын салып берсе, жеке кәсіпкер М.Жәу­пе­ров 1млн тең­геге мектепке спорттық жаб­дық­­тар алып берді. Сондай-ақ кәсіпкер Сұң­ғат Мұңалбаев 220 млн тең­геге Маңғыстау ауда­нының Шет­­пе ауылында­ «Азамат» спорт кешенін, сауық­тыру, жүзу бассейнін тұрғызып, ха­лық игілігіне ұсынды. «Са­мұрық Қазына Траст» әлеу­­мет­тік жобаларды дамыту қоры­ның қолдауымен 170 млн­ теңгеге Ақ­тау қаласында футбол, воркаут, баскетбол алаңдары мен кө­ше тренажерлары орнатылды және И.Бисенғалиевтің қол­дауымен 350 млн теңгеге «Батыр» спорт кешені тұрғызылды, − дей­ді «Ру­хани жаңғыру» өңірлік жо­балық офис басшысы Гүлайым Бақытқызы. 

Саламатты өмір салтын не­гіз­гі ұстанымға айналдырып,­ бұ­­қаралық спортты дамытуды басты орынға қойған мем­ле­кетіміздің саясатына сай Маң­ғыс­тау өңірінде тұрғын­дар­дың спортқа қызығушылығы жо­ғары. Ол өңірде спорттық ке­­шен­­­­дердің көптеп бой көте­руінен де аңғарылады. Бұл ба­­ғыт­та Мұ­найлы ауданында­ кәсіпкер З.Исаеваның қол­дауы­мен құны 100 млн теңгелік «Иса» спорт кешені салынса,     Түпқараған ауданы Таушық ауылында НКОК ЖШС-нің демеуімен әмбебап спорт алаңы пай­далануға берілді, аталмыш алаңның құны 15 млн тең­ге­ге бағаланған. Ақтау қала­сын­да ұрпақтарының ұйым­дас­ты­руымен 5 млн теңгеге халық батырлары Шотан Назарұлы мен Шоғы Мұңалұлына арналған ха­лықаралық спорттық турнирлер өткізілді. 

Туған жерді түлету, оның да­муына, көркеюіне азаматтық, пер­зенттік үлес қосу спорт қа­на емес, барлық салада көрі­ніс табуда. Ақтау қала­сында, Қара­қия ауданында 8 млрд 923 млн тең­геге жастар жатақ­ха­насы, Ақ­тау қаласында 6 млрд 148 млн 261 мың теңгеге «Дос­тық үйі» тұрғызылды. Кеше ғана Бесін­ші Каспий сам­­миті өтіп, бес мем­лекеттің пре­зи­дентін төріне жиған бұл кө­рік­ті орда – «Достық үйін» де­ халық кәдесіне ұсынған – НКОК ЖШС.

Мемлекет басшысының тап­­сыр­масымен тұрғындарды бас­­па­намен қамтамасыз ету, мүм­кіндігіне қарай қыз­мет­кер­лерді, жастарды жатақха­намен қамту жұмыстары қарқынды қолға алынды. Ақтау қаласында 562 млн теңгеге 100 орындық жастар үйі, НКОК ЖШС қолдауымен 1 млрд 313 млн теңгеге 500 орын­дық жастар үйі салынып, өз тұр­ғындарын қуанышқа бө­леді. Сондай-ақ НКОК ЖШС демеу­шілігімен Қарақия ауданында 500 орындық жас мамандар мен жұмысшыларға арналған жатақ­хана құрылысына 900 млн теңге жұмсалды. 

Туған жерді көркейту бағы­тындағы жұмыстардан ден­саулық сақтау саласы да тыс қалып жат­қан жоқ. Демеу­шілер тарапынан облыстық емханаларға жал­пы сомасы­ 235 млн теңгеге қажетті құ­рал-жабдықтар және меди­ци­налық аппараттар сатып әперілді, Жаңаөзен қала­сында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның демеушілігімен денсаулық қыз­­меткерлеріне 86,2 млн тең­­ге­ге жаңа автокөліктер табыс­тал­ды. Халық көп шоғыр­лан­ған Мұнайлы ауданында Т.Ай­ту­ғановтың көмегімен 130 млн тең­геге «Мұхамбет» меди­ци­налық орталығы тұрғызылса, НКОК ЖШС Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық ауруханасына 20 млн теңгеге электрокардиограф, жоғары жиілікті электрокоагуляторды, Түпқа­ра­­ған ауданы Форт-Шевченко қа­ла­сындағы аудандық емха­наға бағасы 16,7 млн теңге құ­райтын ультрадыбыстық диаг­ностикалық сканерді табыстады. 

Қайырымдылық бағытын­дағы жұ­мыстар мұнымен шек­теліп қал­майды. «ENKA İnşaat ve Sanayi A.Ş» мекемесі Түпқараған ауданы Баутин ауылында жалғызілікті тыл ардагері Б.Телбаевқа 15 млн теңгеге үй салып берсе, А.Аджибаев бастаған аудан тұр­ғындары Сайын ауылындағы ҰОС арда­гері С.Мұржықовтың ден­сау­лығын түзеуге 1 млн тең­ге бөл­ді, «СК Баутино» компаниясы Форт-Шевченко қала­сын­да 16 пәтерлік тұрғын үйдің шатырын жабуды мойнына алса, ауыл тұрғындарының кө­ме­­гімен Маңғыстау ауданы Өтес ауылында орталық көше­лер жарықтандырылды. Ауыл тұр­ғындары Бейнеу ауда­ны Боран­құл ауылында 2 пәтер­лі тұрғын үй салып, әлеу­меттік жағдайы төмен үш отбасы үйлерінің құрылысын аяқ­тауға, жылу тартуға көмек ұйым­дастырды. Қарақия ауданында кәсіптік колледж сту­денттері өз қолымен бұйым­­дар мен құралдар жасап, өз ауыл­дарына тарту етті. 

Құзырлы орындардың мә­лі­­метіне сәйкес, облыстың қа­ла-аудандарында мұқтаж жан­дарға, балалардың жазғы дема­лысын тиімді өткізуге бағыт­талған қайы­рымдылық акция­лары ұйым­дастырылып, 61 млн теңгеге кө­мек көрсетілді. Жыл аяғында өңір­дің дамуына қо­мақты көмек көр­сеткен азаматтарды елге таныс­тыруға, алғыс айтуға ба­ғыт­талған облыс­тық меценаттар форумы ұйым­дас­тырылды.

Өңірлік жобалық офис бас­шы­сы бір жарым жылғы атқа­рыл­ған жұмыстардың бұ­лар­мен шектел­мейтінін, ағымдағы жылға да өңір демеу­шілері 17 млрд 386 млн 851 мың теңге қаржы бөліп, 86 іс-шара жоспарлап отырғанын жә­не оның жыл соңына дейін толық­тырыла беретінін айтты.­ Сонымен қа­тар тарихи сананы және па­триот­­тықты дамы­ту, таби­ғи­­ және мәдени мұралар­ды қор­­ғау, халыққа таныту мақ­­сатын­дағы «Рухани қазы­на», «Тәрбие және білім» кіші бағ­дар­ламалары бойынша жоспар­ланған ірі жобалардың қаржы қажеттілігіне байланысты кіді­ріп тұрғанын да мәлімдеп, меценаттар мен мекемелердің рухани бағыттағы жұмыстарға назар аударуын сұрайды. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.01.2019

Сыртқы істер министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

16.01.2019

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетеді

16.01.2019

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша жұмсайды

16.01.2019

Зәуреш Ақашева: үстел теннисінен Ресей суперлигасы үлкен тәжірибе сыйлады

16.01.2019

Биатлоннан Қазақстан кубогі: екінші жарыс күнінің нәтижесі

16.01.2019

Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері кездесті

16.01.2019

«Татулық» орталығының пайдасын дауласқандар көреді

16.01.2019

Атыраулық кәсіпкерлерді не алаңдатады?

16.01.2019

Соңғы технологиялар темекімен күресте жеңіп шықты

16.01.2019

Салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енді

16.01.2019

Сақтағанның жұмыртқалары лайкқа зәру емес

16.01.2019

Ресей, Иран, Әзербайжан үшжақты саммитке дайындалып жатыр

16.01.2019

Асқар Мамин Түркістандағы құрылыс жұмыстарымен танысты

16.01.2019

Бақтияр Зайнутдинов «Ростов» сапында алғашқы ойынын өткізді

16.01.2019

ШҚО Риддер қаласында «Көшбасшы болғың келе ме?» атты шара өткізілді

16.01.2019

Алматыда сымбатты ескерткіш орнатылды

16.01.2019

Алматыда аудармашылар мен авторлар кездесті

16.01.2019

Жанкүйерлер «Астана Опера» балет труппасын Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында қарсы алды

16.01.2019

Депутат «Астана-Арена» стадионындағы кемшіліктерді атап көрсетті

16.01.2019

Ең белсенді салық төлеуші 126 084 түбіртек жіберген

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ataý men aqaý

Dúken, meıramhana, qonaq úı, shashtaraz, sulýlyq, sán salondary, basqa da túrli nysandardyń ataýy mańdaıshaǵa japsyryla salǵan jáı ǵana jazý emes, ulttyq bolmysymyzdy, ulttyq rýhymyzdy, qoǵamdyq sanany qalyptastyratyn, tárbıelik máni zor mańyzdy faktor sanalady. Solaı degenmen ókinishke qaraı, bul qurǵyryń túbiri sýyrylmaı qalyp qoıatyn aramshópti qansha otaǵanyńmen qaıta-qaıta qaýlap shyǵa beretini sıaqty áli kúnge deıin sheshimin tappaǵan túıini kóp túıtkildiń birine aınalyp otyr.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу