Бокс • 20 Тамыз, 2018

Головкин-Альварес андеркартында жекпе-жекке шығатын үш жұп белгілі болды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қыркүйекте Лас-Вегасте өтетін Геннадий Головкин-Сауль «Канело» Альварес арасындағы бокс кеші андеркартының жаңа қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин-Альварес андеркартында жекпе-жекке шығатын үш жұп белгілі болды

Роман Гонсалес - Мойзес Фуэнтес жекпе-жегінен бөлек боксшылардың тағы да үш тобы жасақталды. Атап айтқанда, ирландиялық Гэри О'Салливан канадалық Давид Лемьемен жұдырықтасады, ал  WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Хайме Мунгия Канаданың тағы бір өкілі Брэндон Кукпен кездесетін болды. Жартылай орта салмақтағы абсолюттік чемпион норвегиялық Сесилия Брекхус польшалық Александр Магдзяк Лопеспен күш сынасады.

2015 жылы Давид Лемье Геннадий Головкиннен уақытынан бұрын жеңілген еді, ал Брэндон Кун өткен жылы Астанада отандасымыз Қанат Исламнан техникалық нокаутпен ұтылған болатын.