Спорт • 22 Тамыз, 2018

Қазақстандық спортшылар Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Спортшы-шаңғыроллершілер Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандық спортшылар Болгарияда «Сивен» кубогын жеңіп алды

Болгарияда шаңғыроллерден өткен халықаралық жарыста Олжас Климин, Анна Шевченко, Валерия Тюленева және Гүлсина Қадырова «Сивен» кубогын жеңіп алды. Жыл сайын өтетін халықаралық додаға қазақстандық спортшылардан бөлек Ресей мен Болгарияның өкілдері де қатысты.

«Ағымдағы жылғы «Сивен» кубогының қорытындысы бойынша команданың жақсы физикалық формада екендігін, маусымның осы кезеңінде алға қойылған міндеттерге сай келетіндігін айта аламын. Осы жылы жарысқа үш елден 120-дан астам спортшы қатысты. 9 рет жеңіске жеттік, оның төртеуі бірінші орын. Бұл жақты нәтиже», дейді команданың аға спорттық менеджері Александр Батяйкин.