Қазақстан • 22 Тамыз, 2018

Қазақстандықтар Үндістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Керала штатындағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 400-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстандықтар Үндістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті

Қазақстандықтар Үндістандағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесті. Балалар мен әйелдер үшін азық-түлік, киім-кешек пен тағы басқа қажетті заттарды Керала штатының тұрғындарына жеткізді. 

Билік өкілдері 3 500 лагерь құрды, онда табиғи апаттан зардап шеккен 1,2 миллион адам қоныстанды. Шенеуніктердің мәліметінше, мыңнан аса адам із-түссіз жоғалып кеткен. 

Керала штатында жауған жаңбыр мөлшері маусым мен қыркүйек айларының аралығында жауатын жаңбыр мөлшерінен 40 пайыздан асқан. Соңғы он күнде жауған нөсер жаңбыр жауғаннан кейін, шенеуніктер оннан аса қауіпті бөгетті ашып жіберген. Штаттың бас министрі Пинарайи Виджаян бұл жағдайды Үндістан тарихында болған ең ірі апат деп бағалады. Босқындардың қоныстанған мекені Швейцарияның жер көлемімен бірдей болған. 

Қазір адамдардың тұрып қалған судан тараған жұқпалы ауруларды жұқтырған-жұқтырмағанын тексеріп жатыр екен. Кей жерлерде судың деңгейі 60 сантиметрден асады. Апатты жою үшін 1,4 миллиард доллар қаражат тартылады.