Таным • 23 Тамыз, 2018

«Өрнек». Нұркен Өтеуілов. Бір рөлдің сыры

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Өрнектің» бүгінгі кейіпкері – актер Нұркен Өтеуілов. М. Әуезовтің «Абай» драмасында Абай рөлін сәтті ойнап, көрермендердің ыстық ықыласына ие болған актердің Абайға барған жолы туралы әңгімесін тыңдай аласыздар. 

«Өрнек». Нұркен Өтеуілов. Бір рөлдің сыры

Абайдың туған күнін осы уақытқа дейін әртүрлі атап келеміз. Бірі М. Әуезовтің 10 тамыз дегеніне, бірі Қайым Мұхамедхановтың 23 тамыз дегеніне құлақ асады. Абайдың туған күні туралы жалғыз дерек – Әрхам Кәкітайұлының естелігі. Абай туған өңір мен Астана жұртшылығы 23 тамызды тұрақты Абай туған күні деп келеді. Әрхам естелігінде: «1845 жылы қалыпты әдет бойынша Құнанбай ауылы Қасқабұлаққа келіп қонғаннан кейін ескіше 10 август күні Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжан толғатып, бір ұл дүниеге келеді» деп жазады. «Ескі стиль» – Кеңес үкіметі орнағанға дейін қолданыста болған юлиан күнтізбесі. Кеңестік халық комиссарлары кеңесі 1918 жылы 26 қаңтарда декрет қабылдап, елді календарлық жүйесін григориан күнтізбесіне көшіруге үкім етіпті. Қаулы бойынша сол жылдың 1 ақпаны бірден 13 ақпан болып белгіленген. 

Григориан күнтізбесіне сәйкес Абайдың  туған күні – 23 тамыз.