Бокс • 26 Тамыз, 2018

Сағадат Рахманқұлов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сағадат Рахманқұлов кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұлов  кәсіби рингтегі үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Ол американдық боксшы Кристиан Агирремен Глендейлдегі (Аризона штаты, АҚШ) «Gila River Arena»-да кездесті. Алты кезеңнің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы мына ұпайлармен 59-55, 59-55, 60-54 жеңіске жетті.