Әлем • 27 Тамыз, 2018

Францияда 4,5 мың мемлекеттік қызметші жұмыстан қысқартылады

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Францияда 4,5 мың мемлекеттік қызметші жұмыстан қысқартылады

Франция үкіметі 2019 жылы 4 жарым мың мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босатады. Бұл туралы елдің премьер-министрі Эдуард Филипп «Le Journal du Dimanche» газетіне берген сұқбатында айтты.

«Мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту ел экономикасын модернизациялау мақсатында жасалып жатыр. Уақыт өте келе бұл жүйе ел әлеуетін жақсартатын болады. 2020 жылға дейін 10 мыңға дейін қызметкерлер қысқартылады», деді ол.

Айта кету керек, осы жылы Франция үкіметі 1 мың 600 мемлекеттік қызметкерге қысқарды. Алайда бұл ел президентінің жоспарлағанынан біршама аз көрсеткіш. Эммануэль Макрон «5 жыл ішінде үкіметтік ұйымдардан  50 мың маман босатылады», деген болатын.  Сарапшылар мұндай өзгеріс заман талабына сай жасалып жатыр дегенді алға тартады.