Футбол • 30 Тамыз, 2018

Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңде ойнайтын командалар белгілі болды

732 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чемпиондар лигасында плей-офф раундының жауапты матчындағы нәтижелер бойынша биылғы маусымда топтық кезеңде ойнайтын барлық клубтар анықталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Чемпиондар лигасы: Топтық кезеңде ойнайтын командалар белгілі болды

Бірінші себет: «Реал» (Испания), «Атлетико» (Испания), «Бавария» (Германия), «Барселона» (Испания), «Ювентус» (Италия), «ПСЖ» (Франция), «Манчестер Сити» (Англия), «Локомотив» (Ресей).

Екінші себет: «Боруссия» Дортмунд (Германия), «Порту» (Португалия), «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Шахтер» (Украина), «Наполи» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия), «Рома» (Италия), «Бенфика» (Португалия).

Үшінші себет: «Ливерпуль» (Англия), «Шальке 04» (Германия), «Лион» (Франция), «Монако» (Франция), «Аякс» (Нидерланды), ЦСКА (Ресей), ПСВ (Нидерланды), «Валенсия» (Испания).

Төртінші себет: «Виктория» Пльзень (Чехия), «Брюгге» (Бельгия), «Галатасарай» (Түркия), «Янг Бойз» (Швейцария), «Интер» (Италия), «Хоффенхайм» (Германия), АЕК (Греция), «Црвена Звезда» (Сербия).

Еске салайық, «Астана» Чемпиондар лигасындағы ойынын үшінші іріктеу кезеңінде аяқтады. Отандық команда хорватиялық «Динамоға» (Загреб) 0:3 есебімен жеңілген болатын. Енді қазақстандық клуб Еуропа лигасының тобына өту үшін кипрлік АПОЭЛ-мен бақ сынасады.

Айта кетейік, өз алаңында өткен алғашқы матчта АПОЭЛ 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. ЧЛ топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін, 30 тамыз күні Монакода өтеді. Басталуы Астана уақытымен - сағат 18.00. Оның барысында 32 клуб 8 топқа бөлінетін болады.