Бокс • 30 Тамыз, 2018

Головкин-Альварес жекпе-жегін «Qazaqstan», «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 қыркүйекте Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-0, 34 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасында жекпе-жек өтеді. Отандасымыздың жекпе-жегін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Головкин-Альварес жекпе-жегін «Qazaqstan», «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесіндегі WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Сондай-ақ, мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

Бірде-бір рет жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин шаршы алаңда 39 жекпе-жек өткізіп, 34-ін нокаутпен аяқтаған. Отандасымыз 2014 жылдың маусымынан бастап WBA нұсқасы бойынша суперчемпион, 2011 жылдан бастап IBO нұсқасы бойынша Әлем чемпионы, 2015 жылдан бастап IBF нұсқасы бойынша Әлем чемпионы титулдарына ие. Ал, 2016 жылы Сауль «Канело» Альварестің жекпе-жек өткізуінен бас тартқаннан кейін WBC нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атанған еді.

«Қазақстан» корпорациясы   Генадий Головкиннің барлық жекпе-жектерін тұрақты түрде көрсетіп келеді. Осы күнге дейін «Qazaqstan»   және «Qazsport» телеарналары Қазақстан аумағында 10-нан астам жекпе- жегін тікелей эфирде таратқан. 

Жылдың басты жекпе-жегін 16 қыркүйекте «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.

Сондай-ақ, Головкиннің жекпе-жегін “Qazaqstan TV” мобильдік қосымшасы арқылы көруге болады.