Спорт • 30 Тамыз, 2018

Қазақстандық шахматшы қыздар - әлем үздіктерінің қатарында

1427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның шахматшы қыздары 23 қыркүйекте Батумиде өтетін Шахмат олимпиадасына дайындық жүргізуде, деп хабарлайды express-k.kz.

Қазақстандық шахматшы қыздар - әлем үздіктерінің қатарында

Шахмат олимпиадасына әлемнің 150 елі қатысып жатыр. Қазақстандық шахматшы қыздар 9-орынға табан тіреді. Еліміздің шахматшылары неміс, француз және поляк спортшыларымен тең дәрежеде келе жатыр. Әйелдер құрамасында Жансая Әбдімәлік, Динара Садуақасова, Гулісхан Нахбаева және Гүлмира Дәулетова сынды шахматшылар бар.

Елдің бес дүркін чемпионы, шымкенттік шахматшы Гүлмира Нахбаева тұрмыс құрып, балалы болғаннан кейін спорттан уақытша шеттетілген еді. Алайда жақында ғана ФИДЕ рейтингінде 2400 ұпай жинап, ерлер арасында халықаралық шебер атағын жеңіп алды.

Айта кету керек, ерлер арасындағы Қазақстан құрамасының алдағы Олимпиадада жеңіске жетуі екіталай. Спортшылар рейтинг-тізімде 183 елдің ішінен 34-ші орында тұр.