Футбол • 03 Қыркүйек, 2018

Футзалдан қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде күш сынасатын Алматының «Қайраты» мен «Ақтөбе» клубтарының қарсыластары анықталды.

Футзалдан қазақстандық командалардың қарсыластары анықталды

Төртінші топта күш сынасатын «Қайрат» Португалияның «Спортингі», Беларусьтің «Лидасы» және Косовоның «Фенискіне» қарсы ойнайды. Осылардың арасында жерлестеріміз үшін ең қауіпті қарсылас – «Спортинг». Өз елінің ішкі біріншілігінде 10 мәрте топ жарған Пиреней түбегінің түлектері УЕФА кубогы жолындағы жарыста үш рет күміс алса (2011, 2017, 2018), екі мәрте қола медальді (2002, 2015) иеленді. 2011 жылы Алматыда өткен дәл осы жарыстың жартылай финалында олар «Қайраттан» 3:2 есебімен басым түскен болатын. Бұл бәсекелер 3-6 қазан аралғында Косовода өтеді.

Алтыншы топта өнер көрсететін «Ақтөбе» Хорватияның «Ново Вриеме» Финляндияның «Кампуксен Дюнамо» және Грузияның ТМС клубтарымен кездеседі. Бұл ойындар 3-6 қазан аралғында Хорватияда өтеді.

Бір екеретін жайт, төртінші топта алғашқы үш орынын иеленген командалар элиталық дивизионға жолдама алса, алтыншы топтағылар арасынан жалғыз ғана ұжым сондай мүмкіндікке ие болады.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ