Венецияда Қазақстан кинематографиясының презентациясы өтті

2018 жылдың 2 қыркүйегі күні Венецияның Лидо аралында 75-ші мерейтойлық Венеция кинофестивалінде отандық жаңа кинотуындылар трейлерінің таныстырылымы болды. «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің дирекциясы ұйымдастырған іс-шара,  Exselcior отелінде, Италия павильонында  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстанның Италиядағы елшілігінің қолдауымен өтті.

Егемен Қазақстан
03.09.2018 2119
2

Мәдени іс-шараны «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева ашты.

«Біздің фестиваль отандық киноны танытуға басымдық береді. Бүгін Қазақстан алғаш рет отандық кинематографты Венеция кинофестивалі аясында таныстырып отыр. Италиялық ANICA компаниясының халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабиле бізге павильон ұсынып, шарамызды өзкізе алдық. Бұл шара біздің киномыз бен мәдениетіміздің дамуына әсер ететіндіктен, қазақ кинематографистері мен мәдениет қайраткерлері үшін өте маңызды оқиға болып отыр. Бұл шараның киномызды, мәдениетімізді әлемге танытуда ықпалы зор. Ертең Венеция кинофестивалінде Қазақстан атынан қатысып отырған Эмір Байғазиннің «Өзен» картинасының  әлемдік премьерасы өтеді. Осы орайда, біз де отандық фильмдерімізді, оның ішінде Байғазиннің фильмінің де трейлерін көрсетіп, таныстырдық»,- деді «Еуразия» кинофестивалінің президенті Айман Мұсақожаева.

«Қазақстанды аш: аудиовизуалды дамытуға арналған жаңа мүмкіндіктер» атты іс-шараға италиялық ANICA компаниясының халықаралық департаментінің басшысы Роберто Стабиле,Италияның Қазақстандағы Сауда палатасының хатшы-кеңесшісі Савина Корсари, Rai телекомпаниясының өкілі Карло Жантиле мен Италия мәдениет министрлігінің өкілі қатысты. Отандық киногерлер Самал Еслямова, Болат Қалымбетов, Тоқтар Қарсақбаев, Талғат Теменов, Санжар Мәдиев, Шыңғыс Капин және Еуразия жобалар нарығында екінші орынды жеңіп алған жас режиссер Асхат Кучинчиреков те іс-шараға қатысты. 

Шарада мынадай картиналардың трейлерлері көрсетілді: «Өзен» (реж. Э.Байғазин), «Әруақ» (реж.Х.Ахметов), «Әміре» (реж. Д.Веспа), «Талан» (реж. Б.Қалымбетов), «Ол» (реж. А.Сатаев), «Алмас қылыш» (реж. Р.Әбдрашев), «Анаға апарар жол» (реж. А.Сатаев), «Оралман» (реж. С.Құрманбеков), «Біздің қаланың кішкентай ханзадасы» (реж. Т.Теменов), «Шыңырау» (реж. Ж.Жетіруов), «Жат» (реж. Е.Тұрсынов). Бұдан бөлек «Күлтегін»  (реж. А.АӘбілдинов), «Jumper» (реж. Арман Бейсембаев) және «Мұзбалақ» (реж. Т.Майдан, Т.Төлеуғазы) сынды анимациялық фильмдердің трейлерлері шетелдік sale агенттерге ұсынылды.

Сондай-ақ, шара барысында ҚР Мәдениет және спорт министрілігі құрылтайшысы болып табылатын «Еуразия» кинофестивалі таныстырылады.

«Еуразия» кинофестивалінің Арт-директоры Диана Ашимова отандық кинематография жетістіктері және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. 

«Биыл біз алғаш рет «Venice production bridge» бағдарламасында, Астанада өткен фестиваліміздің қонағы болған  ANICA компаниясының өкілі, біздің серіктесіміз Роберто Стабиленің арқасында қатысып отырмыз.  Біз отандық кино университеттерін, «Қазақфильм» киностудиясын, жеке меншік студияларды таныстырдық және отандық кинематографистер шетелдік инфесторларға  ұсына алатын барлық қызмет түрлерін айттық. Сонымен қатар, біз шетелдік кинематографистермен біздің режиссерлерді, актерлерді таныстырып, байланыс орнаттық»,- деді Диана Әшімова.

Rai компаниясының өкілі Карло Жантиле қазақстандық картиналарды телеарналар арқылы көрсету мақсатында сатып алуға дайын екенін білдірді: Мен сіздердің кинематографияларыңызбен азын-аулақ таныспын. Өйткені мен сіздердің Канндағы бағдарламаларыңызды көргем.Бүгін мен көптеген трейлер көрдім. Түрлі жанрдағы фильмді көрдім. Меніңше, қазақстандық киноны көбірек көрсетіп, таныстыру керек. Өзара ынтымақтастығымыздың арқасында Rai телеанрасы үшін сіздердің картиналарыңызды сатып аламыз деп үміттенемін. Сіздердің «Еуразия» кинофестивальдеріңіз туралы трейлерді көріп, оның ауқымына көзім жетті. Фестиваль өсіп келеді. Дамып жатыр. Фестивалдеріңізде түрлі актерлер қонақ болған, болашақта италияндық актерлерді де сіздердің фестивальден көреміз деп ойлаймын».

Сонымен қатар, презентация барысында «Сәттілік құдайы» атты итальян-қазақстан жобасын таныстырды. Дайындық үстінде тұрған аталған жобаны  Alimatika srl компаниясының продюсер Алинда Сбраджа іске асырады. Ал фильмнің режиссері Тоқтар Қарсақбаев болмақ. 

Презентация аяқталған соң, Санта Мария Елизаветта шіркеуінде Қазақ мемлекеттік оркестрі «Солистер академиясының» классикалық музыка концерті өтті. Концертте дирижер Бақытжан Мұсақожаеваның сүйемелдеуімен скрипкашы, Қазақстанның халық артисі және сирек дауысты контр-тенор Батыржан Смақов өнер көрсетті.

75-і Венеция кинофестивалінің «Көкжиек» атты конкурстық бағдарламасында Қазақстан атынан қатысып отырған  Эмир Байгазиннің «Өзен» картинасының алғашқы көрсетілімі 4 қыркүйек күні фильм авторларының қатысуымен өтеді.  Бұл картина ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» АҚ, Emir Baigazin Production-де түсірілген. Бұдан бөлек, режиссер Эльдар Шибановтың «Секс, қорқыныш және гамбургерлер» атты  картинасы да кинофестивальдің қысқа метражды фильмдер секциясында байқауға қатысып отыр. Аталған фильмнің алғашқы көрсетілімі  30 тамыз күні өткен. Алайда, фестивальге қатысып отырған фильмдердің көрсетілімдері күн сайын фестиваль аяқталғанға дейін көрсетілетін болады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

25.03.2019

Нұр-Сұлтан – жаңа бренд

25.03.2019

Тұңғыш сапар Түркістаннан басталды

25.03.2019

Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді

25.03.2019

Әз-Наурыз мерекесі тойланды

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

24.03.2019

Қазақстан және Ресей матчы 20:00-де басталады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу