Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2018

Алматыда «KITAP FEST 2018» халықаралық Кітап фестивалі өтеді

671 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қыркүйекте «Астана» алаңында Алматы қаласы әкімдігі мен «Baurzhan Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен «KITAP FEST 2018» халықаралық Кітап фестивалі өтеді. 

Алматыда «KITAP FEST 2018» халықаралық Кітап фестивалі өтеді

Биылғы жылы бесінші рет өткізілгелі отырған фестивальдің қатысушылар аясы кеңейіп келеді. Фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлері бас қосатын мәдени алаңы болып табылады.

Фестиваль аясында  I book you ұйымдастыратын Кітап алмасу шарасы ұйымдастырылады. Ал қазақстандық жазушылар 2017-2018 жылдары жарық көрген шығармаларын оқырмандарына таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Кітап жәрмеңкесінде кітап дүкендері, баспалар және интернет-дүкендер өз тауарларын ұсынып, балалар түрлі ойын-сауық шараларын тамашалай алады.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ