Спорт • 05 Қыркүйек, 2018

Көшпенділер ойыны: Көкпардан Ұлттық құрама Красноярск командасын жеңді

570 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Көкпардан Ұлттық құрамасы алғашқы ойынын Ресей Федерациясының Красноярск өлкесінен келген командамен өткізді. 

Көшпенділер ойыны: Көкпардан Ұлттық құрама Красноярск командасын жеңді

Үш кезеңге созылған ойында Ұлттық құрама қарсыластарынан басым екендіктерін байқатып, кездесуді 15-3 есебімен біздің пайдаға шешті.

Команда капитаны Тұрғанбек Құрманбек қазандыққа 10 салым салып, кездесудің үздік ойыншысы атанды. Екінші ойынды отандық спортшылар бүгін Америка Құрама штаттарының командасымен өткізеді.