Білім • 07 Қыркүйек, 2018

Алматылық мұғалімдер арасында біліктілікті шыңдау сайысы өтеді

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының қалалық кезеңіне қатысуға өтініш білдірген алматылық мұғалімдер байқауға қызу дайындық үстінде. Маусым айында басталған конкурстың қалалық кезеңі жұмысын қорытындылап, өз жеңімпаздарын әйгілейтін кез де жақын.

Алматылық мұғалімдер арасында біліктілікті шыңдау сайысы өтеді

 Ұстаздар дайындықтарын шаңдау мақсатында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ Алматы қаласы бойынша филиалында әдістемелік кеңестер алуда. Байқауға қатысушылар № 173 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері  Гүлнұр Әсембаева мен Айна Әбілқасымқызы бейне-сабақтар мен дәрістерді дайындауда біраз ізденістерге баруға тура келгендігін айтады. Қазіргі кезде ұстаздар  озық тәжірибелерімен бөлісу үшін ашық сабақтар, біліктілігін арттыру курстарына, семинарларға қатысып, жан-жақты ізденісте. Байқауға ұсынатын бейне-сабақтарды дайындауда тақырыптың мазмұны, маңызы мен қатар көрсетілімнің сапасы да әділқазылардың сынына түседі.

Байқау қатысушылары үшін қазіргі кезде «Өрлеудің» YouTube желісіндегі таңдаулы бейне-сабақтарымен қатар ұстаздардың біліктілігін арттыруға байланысты ақпараттары  жеткілікті.

Байқау қатысушылары қажырлы еңбек, іс-тәжірибелерінің нәтижесі әділ бағаланады деген үмітте.   Мұндай байқаулар бәсекелестік ортамен қатар, ұстаздарға біліктілігін арттыруға жасалған мол мүмкіндік.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен қазақстан»

АЛМАТЫ