Бокс • 07 Қыркүйек, 2018

Головкин: Чемпиондық титулдарым үшін бұрынғыдан да жақсы айқасатын боламын

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин: Чемпиондық титулдарым үшін бұрынғыдан да жақсы айқасатын боламын

«Алғашқы жекпе-жек кезінде және одан кейін өздерінің нағыз бет-бейнелерін ашқан адамдар қаншама. Бір емес, бірнеше адамды меңзеп отырмын. Мен өзімнің және «Канелоның» кім екенін, оның қазіргі деңгейін жақсы білемін. Рематчтағы қарсыласымның осал емес екені де белгілі. Алайда енді алғашқы жекпе-жекті ойламаймын. Бірінші кездесуде жеңіске жетіп, рингтен барлық чемпиондық белдіктеріммен қайттым. Бұл жақсы айқас болды, алайда дәл қазіргі жағдай бөлек. Мен алғашқы кездесуден кейін рематчқа, «Канелоға» және оның промоутеріне деген қарым-қатынасымды айқындап алдым. Келесі кездесуде жаңа төрешілер мен рефери отырады, сондықтан әлем мүлде басқа жекпе-жекті тамашалайтын болады. Абельмен [Санчес] лагерьде жаңа қимылдарды пысықтадық. Дәл қазір өзімді бақытты әрі мықты сезінемін. Жанкүйерлеріме мексикалық стильдегі ойын көрсеткім келеді. Бұл жолы чемпиондық титулдарым үшін бұрынғыдан да жақсы айқасатын боламын», - деді Геннадий Головкин Boxingtalk.com сайтына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар