Спорт • 08 Қыркүйек, 2018

Көшпенділер ойынының алтыншы жарыс күні қазақстандық спортшылар 20 медаль иеленді

750 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көшпенділер ойынының алтыншы күні қазақстандық спортшылар түрлі дәрежедегі  20 медаль иеленді. Оның  ішінде 5 - алтын, 7- күміс,  8 - қола.

Көшпенділер ойынының алтыншы жарыс күні қазақстандық спортшылар 20 медаль иеленді

Көшпенділер ойындарында аударыспақтан ақтық сайыстар өтті. Финалға бес қазақстандық бес қырғызстандық палуан шыққан болатын.  60кг салмақ дәрежесінде Серғазин Азамат, 70кг салмақта Байғонов Ерназар, Сағынбаев Арман (80кг), Ізбасаров Сырым 90кг салмақ дәрежесінде, Қосалиев Біржан (+90) күміс медаль иеленді.

Сонымен қатар, Көкпардан Ұлттық құрама үшінші орын үшін болған ойында РФ Мәскеу облысынан келген командасын 17-1 есебімен жеңіп, қола медаль иегерлері атанды.  

Самбошы, әлем чемпионы Қуанов Есет пен 82кг салмақта  самбошы Жарқынбаев Руслан алтын медаль алды.

Самбо күресінде Әбдухамит Әбдіразақов, Гайсаев Асылжан, Базарбай Жасұлан, Мұқатаев Батыр, Көлбай Темірлан қола медаль алды.

Тоғызқұмалақтан ҚР құрамасы ерлер арасында алтын медаль алды  (Елеусінов Хәкімжан, Қабиев Нұрбек).

Жеке есепте ерлер арасында екінші орынды Елеусінов Хәкімжан алса, Қабиев Нұрбек үшінші орынды иеленді. 

Сонымен қатар, командалық есепте әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Далиева Әсел, Фоос Анастасия алтын медаль иегерлері атанды.

Жеке есепте әйелдер арасында Далиева Әсел бірінші орын алды. Фоос Анастасия екінші орында.