Түрік күресінен чемпион болды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аясында өткен түріктердің дәстүрлі күресі  бойынша қазақстандық Әуезхан Құрданқұлов (65 кг)  қарсыластарының барлығын шаң қаптырып,  алтын медаль жеңіп алып, еліміздің мерейін асқақтатты. Аталған жарысқа әрқандай салмақ түрлерінен 18 мемлекеттен 41 балуан қатысқан-ды. 

Егемен Қазақстан
10.09.2018 5024
2

Тоғызқұмалақшылардың ұпайы түгел

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшыларымыздың ішінен ең жақсы көрсеткішті тоғызқұмалақшылар көрсет­ті. Тоғыз­құмалақтан 4 алтын­ның 3-еуін қазақстандықтар жеңіп алды. 1 алтынға қыр­ғыз­стандықтар ие болды. Сондай-ақ тоғызқұмалақшыларымыз 2 күміс, 1 қола медалді еншіледі. Тоғызқұмалақшылар мангала ойынына (түрік тоғызқұмалағы) қатысып, командалық есеппен 2 күміс, 2 қола медалды алды. Тоғызқұмалақтан әлемнің 8 дүркін чемпионы Әсел Дәлиева жеке есепте 1 алтын, командалық есепте (екі спортшы бірігіп) 1 алтын алып берді.

 

Қазақстан екінші орынды місе тұтты

Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өткен ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте екінші орынға ие болды. Бірінші орынға қоржынына түскен жалпы 100 медальдің 40-ы алтын, 30-ы күміс, 30 қоласы бар, Қырғызстанның үлесіне тиді.

Екінші орынды қазақстандық спортшылар еншіледі. Алтын саны бойынша ресейліктермен тең түскен жерлестеріміз, күміс медальдің саны басымдығымен алға шықты. Қазақстан қор­жынында 16 алтын, 24 күміс, 29 қола медаль  (барлығы 69 медаль) бар. Ал ресейліктердің қор­жынында 52 медаль: 16 алтын, 11 күміс, 25 қола.

Төртінші орында түрік­менстандық спортшылар. Олар­дың еншісінде 10 алтын, 5 күміс, 12 қола (27 медаль). Алғашқы бестікті өзбекстандық саңлақтар түйін­деді. Олардың қоржынына 7 алтын, 8 күміс, 18 қола (33 медаль) түсті.

2-8 қыркүйек аралығында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 80-нен астам елден 3000-ға жуық спортшы қатысты. Олар 37 спорт түрінен бақ сынады. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 134 спортшы қорғады.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ,

арнайы «Егемен Қазақстан» үшін

Қырғыз Республикасы,

Шолпан-Ата қаласы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

«Ырыс» Түркістан облысында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына ықпал етті

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

17.12.2018

Арыс қаласында 16 нысан пайдалануға берілді

17.12.2018

Самал Есләмова тамылжыта ән шырқап, жерлестерін  тәнті етті

17.12.2018

Ақтөбеде дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай пәтерлі болды

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күні жоғары деңгейде атап өтілді

17.12.2018

Қазақстан таэквондо федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

17.12.2018

Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанды

17.12.2018

Төл мерекеміз Түркияда тойланды

17.12.2018

«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі көрерменге жол тартады

17.12.2018

Ақтөбеліктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Степногорск қаласында жаңа спорт алаңы ашылды

17.12.2018

Зеренді ауданында энергияның тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды

17.12.2018

Ә.Жақсылықов: Тауарлы-сүт фермасын құрып, 100 бас сиыр ұстаудамыз

17.12.2018

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

17.12.2018

Көкшедегі тәуелсіздік тойы

17.12.2018

Қобда ауданының тұрғындары баспаналы болды

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу