Әлем • 10 Қыркүйек, 2018

Джек Ма 2019 жылы Alibaba басшысы қызметінен кетеді

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдағы электрондық коммерцияның ең ірі корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма компанияның басшылық орнынан 2019 жылдың 10 қыркүйегінде кетеді, деп хабарлайды РИА Новости. 

Джек Ма 2019 жылы Alibaba басшысы қызметінен кетеді

"Бүгін Alibaba компаниясының 19 жылдығы. Тура бір жылдан кейін яғни, 2019 жылдың 10 қыркүйегініде компанияның 20 жылдығында мен бұдан былай Alibaba Group корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы болмаймын", делінген компанияның ресми әлеуметтік желідегі Weibo парақшасында. 

2019 жылы басқарманың төрағасы лауазымына CEO компанияның бас атқарушы директоры Чжан Юн (Дэниэл Чжан) ие болуы мүмкін.

"Бүгіннен бастап мен компания жаңа үрдіске жеңіл көшуі үшін бар күшіммен Чжан Юнға көмектесетін боламын", - деп мәлімдеді Джек Ма. 

2019 жылдың 10 қыркүйегіннен кейін Джек Ма 2020 жылға дейін акционерлердің жылдық кеңесіне дейін директорлар кеңесінің мүшесі болып отырады.