Экономика • 11 Қыркүйек, 2018

Көмірсутегі құны тағы көтерілді

469 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнай бағасы соңғы үш айдың ішіндегі ең жоғары бағаға көтеріліп, Brent маркалы 1 баррель – 77,24 долларға теңесті. 

Көмірсутегі құны тағы көтерілді

Сарапшылардың па­йым­дауынша, алдағы уақытта көмір­сутегінің қымбаттау процесі жалғаса беруге тиіс. Себебі АҚШ-тың Иранға қатысты санкциялары бағаның өсуіне әсер етеді. Шетелдік БАҚ-тардың ха­бар­лауынша, қараша айында АҚШ-тың шектеу шаралары кү­шіне енетініне байланысты қазірдің өзінде бірқатар компаниялар Иран кеніштеріндегі жұмысын тоқтатуға мәжбүр болуда. 

Өткен аптаның соңғы күндері «қара алтын» құны бірден 9 процентке төмендегенін айта кетейік. Бұған алапат дауылға байланысты Мексика бұғазындағы платформаларда өндіріс көлемі төмендегені кері әсерін тигізген. 
 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»