Білім • 12 Қыркүйек, 2018

Өз пәнінің білгірі болу жеткіліксіз

519 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазіргі кезеңде мектеп мұға­­­лімінің алдында тұрған маңызды, жауапты міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру. Бұл үшін мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін өз тәжірибесінде таңдап алады.

Өз пәнінің білгірі болу жеткіліксіз

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және әлемдік кеңістік тілі – ағылшын тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқы­тудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Үш тілді оқыту және барлық пәндерді оқыту барысында үштілділік саясатты ұстану оқушылардың «ғылыми тілін», коммуникативтік дағды­­ларын дамытады.

Сондай-ақ қазір­гі балалар ақпараттық-комму­никациялық технологияларды жастайынан қолданады, бірақ ақпаратты сыни қабылдауға үйрету өте маңызды. Заман тала­бына сай оқушы бойында сын­дарлы ойлау және АКТ мүмкін­діктерін тиімді пайдалану, әртүрлі зерттеу дағдыларын қалыптастыру үшін АКТ пәні енгізіледі. Критериалды бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдерде пайдаланылады. Бұл бағалау жүйе­сінің артықшылығы баланың ойлау қабілетін дамытып, ғы­лыммен айналысуына ықыласын туғызады, жан-жақты ізденуіне ынталандырады.

Кіріктірілген білім беру бағ­дар­­ламасында тіл пәндерінің берілу жайы да өзгеше. Бағдар­­ла­ма оқушының төрт тілдік дағ­ды­­сын, яғни тыңдалым, айты­лым, оқылым, жазылымды жетіл­діруге бағытталған. Бұл төрт дағды бір-бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық саласында табысты болуы, қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектенуі керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған.

Қазақ тілін оқытуда ең бірін­ші эстетикалық талғамға сай безендірілген кабинет, оқудың әртүрлі құралдары, кестелері, оқулықтары, техникалық құрал-жабдықтары, информациялық құралдары болуы қажет. Қа­зақ тілі пәнінің мұғалімі өз сабақтарын жаңа сатыға көте­ру үшін шәкірттерінің білім­­­­­­­құмарлық қасиеттерін дамытып, дәріс алуға қызығушылығын арттыруды көздейді. Мұғалім сабақ түсіндірген кезде оқу­­шы­ға күш түсірмей жеңілден ауырға қарай, жалықтырмай, оқушының тиянақты білім алуына мүмкіндік туғызуы қажет.

Әр сабақтың мазмұнына сай әдістер мен тәсілдер дұрыс таңдалып, сараланып оқытылуы керек. Мемлекеттік тілдің жоғары дең­гейде оқытылуы оқушы санасына сіңірілетін білімнің сапасымен өлшенеді. Сондықтан да ұстаздың үнемі шығармашылық ізденісте болуы маңызды. Ком­пью­терлік техниканың дидак­ти­калық мүмкіндіктерін педа­го­­гикалық мақсаттарға қол­дану білім мазмұнын анық­тауда, оқыту формалары мен әдіс­терін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Компью­терлік тех­никаны, интернет, телеком­муникациялық желі, электронды және телеком­муникациялық құрал­дарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану ар­қылы білім сапасын көрсетуге болады. Бірақ жаңа ақпараттық технологияны қолданып оқы­туды ұйымдастыруда кедергі келтіретін басқа да негізгі факторларды ескеру керек. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық техно­ло­­­­гия­­ларды пайдалану арқылы дү­ниежүзілік озық тәжіри­бе­лерге сүйеніп жаңа типті оқыту, әр оқушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызу, оқу-тәрбие үрді­сінің барлық деңгейінің тиім­ділігі мен сапасын жоғары­ла­туды көздейді. Әлем бойын­ша ақпараттық технология саласын­дағы же­тістіктерді пайдала­нып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмты­латын педагогтік және ғылы­ми қауымдастықтар түр­лі елдерде қарқынды даму үстін­де.

Сонымен қатар елімі­з­дің болашағы – жарқын, білім­д­і, парасатты, ана тілінде ер­кін сөйлеп, елін, халқын, мәде­ние­тін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін аза­мат болып шығуы керек. Ком­пьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Қазіргі заман мұ­ғалімі тек өз пәнінің терең біл­гірі болу ғана емес, тарихи-та­нымдық, педагогикалық-психо­логиялық сауатты, сая­си-эко­но­микалық және ақпа­рат­тық-ком­му­никациялық білімді ақпа­рат­тық құзырлы маман болу керек.

 

Ербол ХАРЫГАШ,

Тілеубай негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Павлодар облысы,

Качир ауданы