Тарих • 12 Қыркүйек, 2018

Сарайшықта жасалған сазсырнай

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраулық оқушылар демалыс күндерін Сарайшық ауылында өткізеді. Бұл бастаманы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алып отыр.

Сарайшықта жасалған сазсырнай

Жібек жолы бойында орна­ласқан көне шаһардың орнынан табылған құнды жәдігерлер арнайы музейде сақталған. Оқушылар тарихи орынмен танысып қана қоймай, тарихына қанығады, шеберлік сабақтарына қатысады. Осы демалыс күндері балалар қыш құмыра мен сазсырнай жасау­ды үйренді.

Қолөнер шебері Жайлау Таласов: «Қазір тұр­мыстық бұйымдардың басым бөлігі химиялық қоспалар арқылы жасалады. Оның зияны айтпаса да түсінікті, сондықтан ұлт­тық қолөнерді қайта жаң­ғыр­туымыз керек. Бұрынғы киіз бен текеметті тәрк етіп, син­тетикалық өнім пайда­лан­ғанды жөн көреміз. Ата-бабамыз тазалыққа ерекше мән берген. Мысалы, киіз үйде теріс энергия жиналатын бұрыш болмағандықтан, шеңбер бойымен сырт айналып кетеді. Жаңа заман талабына сай болған жақсы шығар, бірақ өткенімізді де ұмытпаған абзал», – дейді.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді да­мыту бөлімнің бас маманы Алмас Көпжанов туристік бағыттағы тағылымды шаралар жыл бойына жалғасатынын айтады. Мектеп оқушыларына демалыс күндері арнайы сая­хат ұйымдастырылып, ұлт­тық ойындардан жарыс, тақы­рыптық дәрістер мен шеберлік сабақтарын өткізіп тұру дәстүрге айналады.

 

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ