Қаржы • 13 Қыркүйек, 2018

Қазақстан Түркиядан $1,7 млрд инвестиция алады

401 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Анкарада өткен қазақстандық-түрік инвестициялық форумының аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 22 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Қазақстан Түркиядан $1,7 млрд инвестиция алады

 Түрік капиталының қатысуымен жобалар, әсіресе, ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталды. Бұдан басқа олар 3000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

«Бүгінде Түркия шетелдік қатысумен компания саны бойынша екінші орынды иеленеді. Біздің елде түрік компанияларының қатысуын кеңейту елдер арасындағы капитал, үздік практика және технологиялармен алмасуға ықпал ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады», - деп атап өтті Қазақстандық-түріктік инвестициялық форумды ашқан ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А. Мамин.

Қазақстандық және түріктік компаниялар жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд. 22 коммерциялық құжатқа қол қойды. Құжаттар түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталды. Сонымен, мысалы Жамбыл облысында жалпы сомасы $270 млн. болатын, 350 жұмыс орнын құра отырып, металлургиялық, химиялық және шыны өнеркәсіптерінде пайдланылатын кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспарланды.

Kazakh Invest  және Eksen Group қол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес түрік инвесторлары Алматы қаласында құны $300 млн. болатын  жаңа Downtown Almaty қаржылық, әлеуметтік, бизнес-орталығын салуды жоспарлауда. Downtown Almaty-да бизнес орталықтар, JW Marriot қонақүйі мен люкс сыныпты апартаменттнер орналастырылады.

Түркістан облысының әкімдігі және DAL Holding 700 жұмыс орнын құра отырып, құны $200 млн болатын жылыту кешенін салу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Қазір Қазақстанда Yildizlar SSS Holding, DAL Holding, Zorlu Holding, Calik Holding, Oyak Holding, Enprode және т.б. сияқты ірі түрік компанияларының қатысуымен жаңа ірі жобалар іске асырылуда.

Бұл қазақстандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаңа түріктің ТНК мүдделілігінің артқанын көрсетеді. «Біз ірі түрік холдингтерінің қазақстандық нарыққа қатысуын кеңейту трендін нығайту туралы айта аламыз. Егер бұдан бұрын түрік инвесторлары келген дәстүрлі салалар қонақүй бизнесі, шағын және орта бизнес деңгейінде құрылыс материалдарын шығару саналса, енді бүгін ірі түрік компаниялары ТМК, ауыл шаруашылығы, агрохимия, металлургия, өңдеуші өнеркәсіп және т.б. сияқты жаңа салаларды ашуда», - деді  «Kazakh Invest» АҚ Басқармасының төрағасы С. Тқяқбаев.

 «ЙДА Холдинг» Басқармасының Төрағасы Х.Арслан түрік инвесторлары саяси тұрақтылық, қолайлы инвестициялық климат, Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтарына ашылып жатқан жолдың арқасында өз өндірістерін кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Заңнаманы тұрақты жетілдіру және мемлекеттік-жеке әріптестік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы сияқты жаңа инвестициялау тетіктерін енгізудің маңызы зор.

 «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» индустриалдық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары аясында аса қызықты мүмкіндіктер ашылуда, - деген ойымен бөлісті Х. Арслан Форум аясында. - ол қазақстандық және түріктік мемлекеттік органдар, іскерлік орталар, ұлттық және жеке компанияларды жақындату, өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізу және келіссөздер жүргізу үшін диалогтық алаң беруге шақырады.

Қазақстандық-түріктік инвестициялық форумды Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Kazakh Invest ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ТР Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатиx Донмез, «Самұрық Қазына» ҚӘҚ» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен»ҚР ҰКП басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек, «Kazakh Invest» ҰК басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, сондай-ақ 200-ден астам қазақстандық-түріктік компаниялар өкілдері қатысты.