Үкімет пен Ұлттық банк аграрлық секторды қосымша қолдау туралы бірлескен мәлімдеме жасады

ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады.

Егемен Қазақстан
14.09.2018 3564
2

Экономиканы жаңғыртудың Үшінші толқыны мен өсімнің жаңа моделін құрудың қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл — стратегиялық сала. Әлеуетті локоматив. Біздің мақсатымыз — алдағы 5 жылдың ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі мен қайта өңделген өнімдер экспортын 2,5 есеге ұлғайту. Бұл орайда біз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыру мен өнім өткізу рыноктарының қолжетімді болуына және экспортты дамытуға жұмыс істеудеміз.

Сонымен бірге әлемдік рыноктағы ахуал тұрақсыз, жылдам өзгеруде. Валюталық несие түрінде жүктемесі бар аграрлық сала сыртқы себептердің ауыртпалығы жағдайында дамуда. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдаудың қосымша іс-шаралар пакетін дайындады.

Басты мақсат — саланың серпінді өсуіне қажетті жағдай жасау, жаңғыртудың қарқынын төмендетпеу, күрмеуі күрделі мәселелерді шешу.

Іс-шаралардың ішінде АӨК кәсіпорындарына түсетін борыштық жүктемелерді азайтуға және олардың борыштық ауыртпалықтарын азайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Іске асыру тетіктері - ҚазАгро Холдингінің талаптарын қайта құрылымдау және долларсыздандыру, АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жаңа құралдарын пайдалану.

Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардың, оның ішінде АӨК дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердің жұмысына серпін беретін бірқатар қаржылық тетіктер бар.

«Цеснабанк» «Агробизнес 2020» бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оның үлесіне саланы несиелендірудің 65% астамы тиесілі. Сол себептен, «Цеснабанк» «ҚазАгро» Холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардың мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды. 

Бұл жұмыстар аясында Үкімет пен Ұлттық Банк «Цеснабанктен» 450 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда. Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ «Цеснабанктің» қаржылық тұрақталығын нығайтады. «Цеснабанктің» акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады.

Бұл шараларды іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғайды, несиелендірудің көлемін арттырады және аграрлық секторды жаңғырту саясатына қолдау жасайды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

15.11.2018

Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемесімен өзара іс-қимылын оң сипаттады

15.11.2018

Алматыда «Серікбол Қондыбай. Рух жауынгері»  атты деректі фильмнің көрсетілімі болды

15.11.2018

Алматы полициясы: ірі сатып алушының үйінен ұрланған заттар иелеріне қайтарылды

15.11.2018

ШҚО-да атқа мінген ауыл әкімі қасқырдан құтқарып қалды

15.11.2018

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

15.11.2018

Қостанайда жол-көлік оқиғасы 5,9 процентке азайды

15.11.2018

Аягөзде зағип жандарға құрмет көрсетілді

15.11.2018

Алматы полициясы: өтінім беру 15 минутқа дейін қысқартылды

15.11.2018

Тараздық оқытушылар мен студенттер «Ашық диктант» акциясына қатысты

15.11.2018

Алматы полициясы азаматтарды мүліктік қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

15.11.2018

Солтүстік Қазақстанда вандализм әрекеттері азаяр емес

15.11.2018

Халық ақынының халық алдындағы есебі

15.11.2018

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер айтыскер ақынмен кездесті

15.11.2018

Жамбыл облысының тариф мәселелері жөніндегі кеңес

15.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз? (видео)

15.11.2018

Антиядролық қозғалыстың 30 жылдығына арналды

15.11.2018

Қостанай қанаттандырған қаламгер

15.11.2018

Жәния жаңа жұлдыздарды жақты

15.11.2018

Өнерінің бәсі жоғары өңір

15.11.2018

Инвесторларға тиімді ұсыныс

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу