Технология • 14 Қыркүйек, 2018

Интеллектуалды технологиялар енгізіледі

916 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты электр желісі салынбақ. Жаңа технологиялық желінің қуаты дәстүрлі желіге қарағанда 4-5 есеге артық болады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен жиында «KEGOG» АҚ-тың Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлімдеді. 

Интеллектуалды технологиялар енгізіледі

− Қазіргі таңда «Солтүстік-Оңтүстік» тұрақты ток же­лісін салу мүмкіндігін қарас­тырудамыз. Бұл Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге ТМД елдері кеңістігі бойын­ша алғаш қолға алынып отыр­ған жоба. Жаңа электр энер­гиясын өндіру желісі өз кезегінде дәстүрлі желілермен салыс­тырғанда қуатты 4-5 есеге ар­тық жет­кізуге мүмкіндік береді. Со­нымен қатар интеллек­туал­ды технология арқылы ұзақ қашықтықтан электр энер­гиясының жеткізілуін бас­қаруды қамтамасыз етеді, – деді «KEGOG» АҚ-тың басқарма төрағасы.

«KEGOG» компаниясының басшысы келтірген ақпарат бо­йын­ша, бүгінде республикадағы электр стансаларының бел­гіленген қуатының жиын­тық көлемі 428 МВт-ты құрайды, оның арасында «Бурные Соляр 1,2» ЖШС (Жамбыл облысы, жиынтық қуаты – 100 МВт), «Тұңғыш жел электр стансасы» ЖШС (Ақмола облысы, қуаты – 45 МВт) сияқты ірі нысандар бар.

− Бүгінгі таңда компания алдындағы тағы бір маңызды шаруалардың бірі – энергия таратушы компаниялардан бәсекеге қабілеттілікті талап ету. Осы орайда, ағымдағы жылдың мамыр және маусым айларында алғашқы аукцион өткізілді. Оның қорытындысы бойынша жалпы қуаты шамамен 200 МВт-ты құрайтын күн, жел, биогаз және гидроэлектр стансаларын салу бойынша 19 жаңа жоба іріктеліп алынды. Үстіміздегі жылдың қазан айында аукционның екінші кезеңін өткізу жоспарланып отыр, – деді Б.Қажиев.

Сонымен қатар «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдар­ламасы аясында «KEGOC» АҚ «Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесі режімдерін басқаруды автоматтандыру» жобасын іске асырып жатқанын айта кетейік.

Еркежан АЙТҚАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»