ЕҚЫҰ төзімсіздік пен кемсітушіліктің өсу үрдісіне қарсы тұруды күшейтуге шақырды

Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының Адами өлшем саласындағы міндеттемелердің орындалуына шолу жөніндегі жыл сайын өтетін жиналысы өз жұмысын бастады.

Егемен Қазақстан
14.09.2018 7909
2

Мәжілістің күн тәртібі өте ауқымды және адам құқықтары мәселелері бойынша өзекті және көкейтесті мәселелерді қамтиды, атап айтқанда адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заңның ұлықтылығы, сот органдарының тәуелсіздігі, сөз пен БАҚ-тың бостандығы, жиналыс бостандығы, діни және ұлттық азшылықтардың жағдайы, демократиялық сайлауды қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, адам саудасына қарсы күрес және басқа мәселелер.

Варшава мәжілісі Ұйымның үшінші қоржыны аясында ең үлкен және аса маңызды іс-шара болып табылады – оған жыл сайын шамамен бір мың үкіметтік емес ұйымдар мен ЕҚЫҰ-ның 57 мүше-елдерінің ұлттық делегациялары қатысады.

Қазақстан тарапынан Қазақстан халқы Ассамблеясының, ОСК, СІМ, АКМ, ҚДМ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі кеңсесі және Бас прокуратура өкілдерінен құрылған делегация қатысуда.

Мәжілістің алғашқы екі күні демократиялық институттар рөлінің, оның ішінде ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде, ЕҚЫҰ аймағында демократиялық және ашық сайлау өткізуге және бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған.

Қатысушылар мәжілістің алғашқы күндері тақырыбына байланысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, әріптес елдердің осы салалардағы тәжірибелерімен танысты.

Қазақстан делегациясының басшысы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Жалғас Әділбаев сөйлеген сөзінде, Қазақстан ұлттық және халықаралық деңгейде, әсіресе халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заңның үстемдігін қолдауға ұмтылады. Еліміз халықаралық құқықтың толық құқықты субъектісі және адам құқықтары саласындағы алпыстан аса көп жақты әмбебап халықаралық шарттардың, соның ішінде «адам құқықтарын қорғаудың халықаралық құралдары» деп аталатын Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары жөніндегі жеті негізгі конвенцияларының қатысушысы болып табылатынын атап өтті. «Қазақстанда үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінде маңызды орын алады. Бұл ретте, Қазақстанның мемлекеттік саясаты азаматтық қоғам институттарының қызметін дамытуға және қолдауға бағытталған», - деп атап өтті.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы бағытындағы нәтижелі жұмыстың үлгісі ретінде сыртқы саяси ведомствосының негізінде 2013 жылдан бері тұрақты жұмыс істейтін «Адами өлшем бойынша үн қатысу алаңы» - Консультативтік-кеңесші органын (ККО) құру тәжірибесі көрсетілді. Бұл органға негізгі қатысушылары құқық қорғаушылар ҮЕҰ-дары мен мемлекеттік органдардың басшылары болып табылады. Бұл тұрғыда Ж. Әділбаев атап өткендей ККО жұмысының барысында 20-дан астам кездесулер өткізілді, 100-ден астам ұсынымдар әзірленіп қабылданды, ҚР Үкіметі үшін халықаралық ұйымдардың және адами өлшемдердегі азаматтық қоғам өкілдерінің 50-ден астам ұсынысы таңдап алынды, нәтижесінде оларды іске асыру үшін 50 «жол картасы» әзірленгені» туралы хабарлады. Адам құқықтарын қорғау саласында әзірленген осы ұсынымдар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламентіне ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру үшін жіберіледі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зауреш Баймолдина ең алдымен, сайлау процесінің жеке құқықтық нормалары мен институттарын, соның ішінде ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұсынымдары негізінде, одан әрі жетілдіруге бағытталған Қазақстанның сайлау заңнамасын халықаралық стандарттарға сәйкес реформалау процесі туралы айтып берді.  

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілі Михаил Комиссаров өзінің сөзінде, Қазақстан Республикасы өзiнiң халықаралық мiндеттемелерi шеңберiнде азаматтардың сөз бостандығы құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн дәйектi қадамдар жасалып келе жатқанын атап өтті. Отандық медиа саласын жаңғыртуға, әлеуетті және бәсекеге қабілетті отандық БАҚ-тарды дамытуға, мемлекет пен қоғамның және медиа-нарықтағы кәсіби қатысушылардың арасындағы диалогты дамытуға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізілуі туралы айтып берді.

Мәжіліске қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері де белсенді қатысуда. Олар өз бастамашылығымен форумның алаңдарында мәжілістің күн тәртібіне сәйкес тақырыптарға арналған бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Екі апталық іс-шара 21 қыркүйекте аяқталып, мәжілістің қорытындылары бойынша ЕҚЫҰ аймағындағы гуманитарлық өлшемдегі жағдайына шолу және қатысушыларға арналған жеке ұсыныстар жасалады деп күтілуде.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Тұңғыш Президент – Елбасы Кеңсесінің Басшысы қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Н.Нығматулин Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай мәртебелері сақталады?

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі (видео)

19.03.2019

Ерлан Баттақовқа Президенттің Іс басқарушысы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

А. Бисембаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі қызметіне тағайындалды

19.03.2019

Бақытжан Темірболатқа Президент Кеңсесінің бастығы міндетін уақытша атқару жүктелді

19.03.2019

Махмұд Қасымбеков Президент Кеңсесінің бастығы қызметінен босатылды

19.03.2019

Елбасы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы Жарлыққа қол қойды

19.03.2019

Әмірхан Рахымжанов Елбасы кітапханасының директоры лауазымына тағайындалды

19.03.2019

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі

19.03.2019

Алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету - Елбасы

19.03.2019

Тәуелсіз Қазақстанымызды сақтай біліңіздер - Елбасы

19.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев: Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға нағыз лайықты азамат

19.03.2019

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттік өкілеттігімді тоқтату туралы шешім қабылдадым - Нұрсұлтан Назарбаев

19.03.2019

Президенттің өкілеттігін атқару Қ.Тоқаевқа жүктеледі

19.03.2019

Алматыда әлеуметтік көмек мөлшері артады

19.03.2019

«Firework of Stars» халықаралық би байқауы өтті

19.03.2019

Джиу-джитсу Азиада бағдарламасына енді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу