Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2018

Қарағандыда «Полиглот» республикалық байқауы өтті

541 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында «Полиглот-2018» Республикалық байқауы өтті.

Қарағандыда «Полиглот» республикалық байқауы өтті

Байқаудың мақсаты Елбасы Н. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау және қолдау, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылды.

Ауқымды іс-шара Қарағанды қаласында бекер өтіп жатқан жоқ. Өткен  жылы «Полиглот-2017»  байқауының жеңімпазы біздің қызметкер – Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің радиотелефонисті Сақбосынова Ару болды.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ибрагим Күлшімбаев іс-шараны аша отырып, біздің көпұлтты елімізде барлық халықтардың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарайтындығын атап өтті: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды өз Отанының көп ұлттығы туралы мақтан тұтады».

Байқау 5 турдан тұрды. Бірінші тур «Таныстыру» болды.  Келесі кезеңде мемлекеттік тілде берілген терминдерді орыс және ағылшын тілдерінде нұсқасын жазу қажет болды. Бұдан әрі қатысушылар Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, тұрмысы мен мәдениетіне байланысты сұрақтарға жауап берді.Төртінші турда карточкада берілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ахуалды бағалап, сипаттап беру қажет болды.  Сонымен қатар, осы жылы латын графикасы бойынша жаңа тур енгізілді.

Кеншілер астанасында ТЖ комитеті бөлімшелерінің 17 қызметкері: Астана, Алматы, Шымкент қ.қ. және облыстың ТЖ департаменттерінен, сонымен қатар, Көкшетау техникалық институтының қызметкері  тіл білуден бірінші болу үшін бас сынасады. Олардың барлығы өңірлік байқаудың жеңімпаздары болып табылады.

Байқауға қатысушыларды ҚР ІІМ ТЖ комитеті Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Жәрке Батыржанның  төрағалығымен  қатал қазалар алқасы бағалады.

Қатысушылардың білімін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптарының сапасы және толықтығы, сөйлеу, жүріс-тұрыс мәнері, уақыт регламентін сақтауы ескерілді.

Қатысушылар өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсете отырып жеңіске ұмтылды.

«Полиглот» байқауының қорытындысы бойынша 1 жүлделі орынға Қызылорда облысы ТЖ департаментінен Бексұлтан Бижігіт ие болды. Екінші жүлделі орынды Көкшетау техникалық институтының тындаушысы Серік Әділет алды, ал үшінші орынды Қарағанды облысының ТЖД Жүніс Айдана иеленді.

«Полиглот» республикалық байқауына қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар берілді.