Әдебиет • 15 Қыркүйек, 2018

Республикалық жыр мүшәйрасында Мирас Асан бас жүлденің иегері атанды

657 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды қаласында өткен Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдық мерейтойы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Өлең — сөздің данасы» атты республикалық жыр мүшәйрасында «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі Мирас Асан бас жүлденің иегері атанды.

Республикалық жыр мүшәйрасында Мирас Асан бас жүлденің иегері атанды

Жыр бәйгесіне 19-35 жас аралығындағы 50 үміткерден өтінім түскен болатын. Олар жыраулық поэзия үлгісінде «Көмекей әулие» туралы, сонымен бірге Астананың 20 жылдығы жәнеқоғамдық-әлеуметтік мәселелер жайында жазған өлеңдерін қазылар алқасының талқысына ұсынды. Ал қазылар алқасына белгілі ақын Есенғали Раушанов төрағалық етті.

Жыр мүшәйраның жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталса, бас жүлдеге ие болған Мирас Асанға 500 мың теңгенің сертификаты табыс етілді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ