Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2018

Петропавлдық тұрғын баланы ажал аузынан құтқарып алды

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында бес қабатты үйдегі екі бөлмелі пәтер өрт құшағына оранды.

Петропавлдық тұрғын баланы ажал аузынан құтқарып алды

Қызыл жалынды бірінші болып Петропавл қаласының тұрғыны Руслан Тюменев байқап қалып, бірден өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Одан бесінші қабатқа жүгіре шығып, түтінге тұншыққан 10 жасар баланы дін аман алып шыққан. Осы сәтте құтқарушылар да жетіп, өртті толық өшіргенмен, екі бөлмелі пәтердің дүние- мүлік түгел жанып жанып кеткен.

«Көліктен шыққан кезде әйнектің сынған шытырын естідім. Жоғары жаққа қарасам, 5 қабаттан будақтай шыққан түтінді көрдім.Пәтерге кірсем, қалың түтін ішінен жеткіншекті кезіктірдім», дейді бейбіт өмірдің батыры.

Қазір баланың халі жақсы. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы