Медицина • 17 Қыркүйек, 2018

Әскерге шақырылғандардың мамандығы ескеріледі

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде күзгі шақыруға байланысты 1992-2000 жылы туған бозбалаларды мерзімді әскери қызметке қабылдау басталды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Ардақ Кукатов мәлімдеді.

Әскерге шақырылғандардың мамандығы ескеріледі

Бүгінгі таңда еліміздің Қарулы күштері әскерге шақыру және келі­сімшарт бойынша аралас тәсілмен жасақталады. Қазақстан армиясының іс-қимылы әлемдік тәжірибеге негіз­делген, сонымен қатар жеке құраммен жасақтау, әскерге шақыру кенжелеген жоқ. Өңірлерде сарбаздар қа­тарына қабылданғандарды армияға салтанатты түрде шығарып салу, әскери ант қабылдау дәстүрін ашық алаңдарда, қалалар мен аудандардың тарихи маңызды жерлерінде қоғам мен бұқаралық ақпарат өкілдерін кеңінен тарта отырып өткізу жоспарлануда. Себебі әскери-патриоттық жұмыс жас буынның биік пат­риот­тық сезімін қалыптастырып, өз Ота­нын қорғайтын әр азаматтың адам­гер­шілік қасиетін одан әрі дамы­туға ықпал етуі тиіс деді конферен­ция барысында Ұйымдастыру-жұмыл­дыру жұмыстары департаменті бас­тығының орынбасары, полковник Ардақ Кукатов. Оның айтуын­ша, биыл 1992-2000 жылдар аралы­ғында туған 17 мыңнан астам азамат Отан алдындағы борышын өтеуге шақы­ры­латын болады. Әскер қатарына ден­саулығы мықты, психологиялық дайын­дығы жақсы ер азаматтар қабыл­данады.

Әскери бөлімдер бойынша ша­қы­ры­лушыларды іріктеу және бөлу кезінде алдын ала зерделеу нәти­желері және шақырылуға дейін игер­ген мамандықтары ескеріледі. Соны­мен бірге әскери бөлімдер эксау­мақтық қағидат бойынша жү­зеге асатын болады. Яғни, сарбаздар өңірлер бойынша жан-жаққа жіберілмек.

Венера ТҮГЕЛБАЙ,

«Егемен Қазақстан»