Медицина • 17 Қыркүйек, 2018

Аграрлық секторға қосымша қолдау

636 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ел Үкіметі мен Ұлттық банк жақын арада ұлттық экономиканың аграрлық секторын қолдау үшін жаңа іс-шараларды іске қосатын болады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Аграрлық секторға қосымша қолдау

Экономиканы жаңғыртудың Үшін­ші толқыны мен өсімнің жаңа мо­делін құрудың қазіргі жағдайында агроөнеркәсіптік кешеннің маңызы арта түсуде. Бұл – стратегиялық сала, әлеуетті локомотив. Мақсат – алдағы 5 жыл­дың ішінде агроөнеркәсіптік ке­шендегі еңбек өнімділігі мен қайта өң­делген өнімдер экспортын 2,5 есеге ұлғайту. Бұл орайда ауыл ша­руа­шылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыру мен өнім өткізу рыноктарының қолжетімді болуына және экспортты дамытуға көңіл бөлінеді.

Сонымен бірге әлемдік рыноктағы ахуал тұрақсыз, жылдам өзгеруде. Валюталық несие түрінде жүктемесі бар аграрлық сала сыртқы себептердің ауыртпалығы жағдайында дамуда. Сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аг­рар­лық секторды қолдаудың қосымша іс-ша­ралар пакетін дайындады. Басты мақсат – саланың серпінді өсуі­не қажетті жағдай жасау, жаң­ғыр­тудың қар­қынын төмен­детпеу, күр­меуі күр­делі мәселелерді шешу. Іс-ша­ралардың ішінде АӨК кәсіп­орын­дарына түсетін борыштық жүкте­мелерді азайтуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Іске асыру тетіктері – ҚазАгро хол­­­дингінің талаптарын қайта құры­лым­­дау және долларсыздандыру, АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағ­дар­­ла­масының жаңа құралдарын пайдалану.

Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардың, оның ішінде АӨК дамытудың бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердің жұ­мысына серпін беретін бірқатар қар­жылық тетіктер бар.

«Цеснабанк» «Агробизнес 2020» бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қол­дауға арналған мемлекеттік бағдар­­ламалардың жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оның үле­сіне саланы несиелендірудің 65%-тен астамы тиесілі. Сол себептен, «Цеснабанк» «ҚазАгро» холдин­гімен бірлесе отырып, берілген ва­лю­­талық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және оның мер­­зі­мін ұзарту мәселесін қолға алды.

Бұл жұмыстар аясында Үкімет пен Ұлттық Банк «Цеснабанктен» 450 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда. Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауық­тыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ «Цеснабанктің» қар­жылық тұрақтылығын нығайтады. «Цеснабанктің» акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қара­жаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады.

Бұл шараларды іске асыру отан­дық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мүддесін қорғайды, несиелендірудің көлемін арттырады және аграрлық секторды жаңғырту саясатына қолдау жасайды.

Соңғы жаңалықтар