Құрметке лайық дипломат

15 қыркүйекте Қазақстан қоғамы белгілі мем­лекет қайраткері және дипломат Михаил Ива­но­вич Есенәлиевтің 90 жылдығын атап өтеді. 

М.Есенәлиев – тағдыры ерекше адам. Өзінің естелік кітаптарының бірінде былай деп жазады: «Мен 26 жасқа дейін ресейлік, ал 40 жылдан астам уақыт бойы қазақстандықпын, мені ата-бабаларымыздың туған жері тартып әкетті». Қиын әскери жылдары жұмыс істеп, орта мектеп, кейін заң мектебін үздік бітіріп, М.Есенәлиев өзін Саратов облысының Бүкілодақтық лениншіл коммунистік жастар одағы жүйесінде, одан кейін Алматы қаласында, Павлодар облысында және Қазақ КСР-інде шебер ұйымдастырушы және дарынды көшбасшы ретінде танытты. Философия ғылымдарының кандидаты, интеллектуал және партия қызметкері Михаил Иванович өз дәуіріндегі қазақ зиялыларының ең жарқын өкілдерінің бірі болды. 1969-1981 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Мәдениет басқармасының басшысы бола отырып, М.Есенәлиев отандық мәдениет пен өнерді дамытуға үлкен үлес қосты. 

Егемен Қазақстан
17.09.2018 3204
2

1981-1989 жылдары М.Есенәлиев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Сыртқы істер министрлігін басқарды. Ол басшылық еткен кезеңде республика сыртқы саясат ведомствосының кадрлық әлеуеті артып, қызметкерлерінің біліктілігі де арта түсті. Олар кейінгі уақытта тәуелсіз Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің негізін қалаған кәсіби дипломаттардың тобын қалыптастырды. М.Есенәлиев дипломатиялық қызметтегілердің әлеуметтік мәртебесін, білімін, тағылымдамадан өтуін арттыруға және КСРО-ның шетелдік мекемелерінде ілгерілетуге, өмір сүру жағдайларын түбегейлі жақсартуға көп көңіл бөлді. Республикалық СІМ-де консулдық және хаттамалық қызметтер мен ақпараттық-талдамалық жұмыстардың сапасы артты. Михаил Иванович Кеңес делегациясының құрамында Қазақстан өкілі ретінде БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі сессияларына қатысты, төрт құрлықта ондаған елге барды.

Сыртқы істер министрлігі Одақ орталығына тәуелді құрылым болғанына қарамастан, 1980 жылдары бұл мекеме теңдесі жоқ құрылым – Қазақстан Республикасының толыққанды сыртқы саясатының негізін құрушы институт ретінде нығайтылды. Кеңес Одағының соңғы жылдары Қазақстан шет мемлекеттермен сыртқы экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды белсенді түрде дамытты. Республика басшылығы тарапынан сыртқы байланыстардың тиімді қызмет етуінің маңыздылығы да ескерусіз қалған жоқ. М.Есенәлиевтің Қазақстанның халықаралық қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан үлесін сол кезде Қазақ КСР-інің Премьер-Министрі ретінде Сыртқы істер министрлігіне жан-жақты қолдау көрсетіп, 1992 жылғы 2 шілдеде егеменді мемлекет ретінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының толыққанды дипломатиялық қызметінің негізін қалаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары бағалады.

М.Есенәлиевтің очерктері, кітаптары мен сұхбаттарында баяндалған естеліктерінің біз үшін ұрпақтар арасындағы, өткен күн, қазіргі шақ және келешек, сондай-ақ жалпы дәуірлер арасындағы байланыс ретіндегі маңызы зор. «Бүгінгі істердің маңызын түсіну үшін кешегі күннің тарихын білу қажет», дейді Михаил Иванович. Себебі «әр дәуірдің өз міндеттері бар» (Гейн), ал М.Есенәлиев өз дәуірінің және халқының лайықты өкілі болды.

М.Есенәлиев Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін 1990-жылдардың соңғы күндеріне дейін Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болып жұмыс істеді. Сол кездегі жас дипломаттар – біз үшін жоғары мемлекеттік лауазымдарға ие М.Есенәлиев қол жетпес белес болып көрінетін. Алайда алғашқы әңгіме барысында парасатты, қарапайым, сыпайы және жанашыр әріптес екендігіне көз жеткіздік. Аталған қасиеттер министрлік қызметкерлеріне үлкен әсер ететін және олар біртуар тұлға – М.Есенәлиевке үлкен құрметін білдіретін. Жас буын Қазақстанның жаңа мемлекеттік саласының қыр-сырын біліп, тәжірибе жинау үшін сол кезде М. Есенәлиевтің соңынан ерді.

Жылдар өтіп, дәуірлер өзгереді, алайда Михаил Есенәлиев сияқты көрнекті тұлғалардың мұрасы әрдайым халқымыздың есінде қалады.

Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ,

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрі

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда 80-ге жуық  полицей марапатталды

17.12.2018

Арыс қаласында 16 нысан пайдалануға берілді

17.12.2018

Самал Есләмова тамылжыта ән шырқап, жерлестерін  тәнті етті

17.12.2018

Ақтөбеде дәрігерлер Тәуелсіздік күніне орай пәтерлі болды

17.12.2018

Солтүстік Қазақстанда Тәуелсіздік күні жоғары деңгейде атап өтілді

17.12.2018

Қазақстан таэквондо федерациясы биылғы маусымды қорытындылады

17.12.2018

Димаш Құдайберген «Жыл әншісі» және «Ұлы Жібек жолының мәдени елшісі» атанды

17.12.2018

Төл мерекеміз Түркияда тойланды

17.12.2018

«Желтоқсанның 16 күні» деректі фильмі көрерменге жол тартады

17.12.2018

Ақтөбеліктер Тәуелсіздік күнін атап өтті

17.12.2018

Степногорск қаласында жаңа спорт алаңы ашылды

17.12.2018

Зеренді ауданында энергияның тиімділігін арттыру мәселесі талқыланды

17.12.2018

Ә.Жақсылықов: Тауарлы-сүт фермасын құрып, 100 бас сиыр ұстаудамыз

17.12.2018

Шортанды ауданында Абылай ханға ескерткіш орнатылды

17.12.2018

Көкшедегі тәуелсіздік тойы

17.12.2018

Қобда ауданының тұрғындары баспаналы болды

16.12.2018

Түркияда еліміздің тәуелсіздік күні мерекесі тойланды

16.12.2018

Тұңғыш Президенттің тариxи-мәдени орталығына Елбасы көлігі қойылды

16.12.2018

Шымкенттіктер «Елбасы жолы. Астана» көркем фильмін тамашалады

16.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Шымкенттің екі ауданында ашық ойын алаңшалары ел игілігіне берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу