Медицина • 17 Қыркүйек, 2018

Балдырғандарға арналған бірегей орталық

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атбасар қаласында бал күлкілі балалар жиналып ойын-сауық өткізетін, ой-өрісін жетілдіретін орталық ашылды.

Балдырғандарға арналған бірегей орталық

Орталықтың бірінші қаба­тында аяғын апыл-тапыл басқан бүлдіршіндерге арналған айналмалы әткен­шек, әртүрлі ойын автоматтары, автодром, би алаңы, шарлар аниматоры, компью­тер залы бар. Ал екінші қа­бат­та бес жасқа дейінгі балақандарға арналған бассейн-лабиринт орналасқан. Екпін түсіріп айта кететін бір мәселе – орталықтың әсем­дігі. Қай тарапқа қарасаң да көз суаратын көркемдікті бай­қар едіңіз. Барлық алаң әсем безендірілген. Ішіне кір­ген­нен-ақ жаның жай табатын жайлылық балалардың уақыт­тарын көңілді өткізулеріне мол мүмкіндік береді.

Екінші қабатта жеткін­шектерге арналған тауар­лар сатылады. Бағасы да қол­жетімді. Оның ішінде сыртқы бейнесі әдемі кескіндел­ген әралуан тақырыпт­ағы ертегі кітаптар, түрлі ойын­­­шық­тар, тіпті киім-кешек­­терге де­йін бар. Бұл жерде жалғыз ойын түрлері ғана емес, бала­лардың туған күн­дерін өз құрбыларымен атап өтуі үшін тап­сырыс беруге де болады. Жаңа орталықтың иесі, жер­­гі­­лік­­ті кәсіпкер Айгүл Ай­теева өз қа­ра­жатына зәу­лім ор­та­лық салып, бола­шақ иел­ері­нің алаңсыз өсіп жетілуіне тәп-тәуір мүмкіндік тудырып отыр.    

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы,

Атбасар ауданы