Парламент • 17 Қыркүйек, 2018

Мәжілістегі «ҚХКП» фракциясының жетекшісі ауысты

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте «Халық коммунистері» Қазақстанның Халықтың коммунистік партиясының депутаттық фракциясының отырысы өтті. 

Мәжілістегі «ҚХКП» фракциясының жетекшісі ауысты

Фракция жетекшісі Владислав Косаревтің ұсынысымен күн тәртібінде фракцияның жаңа жетекшісін сайлау туралы негізгі мәселе қаралды.

Владислав Косарев әріптестерінен фракция жетекшісінің міндеттерінен босатуды сұрап, фракцияның және партияның Орталық Комитетінің Саяси бюросының сабақтастығы мен тығыз жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Ашық дауыс беру нәтижесінде бірауыздан «Халық Коммунистері» фракциясының жаңа басшысы болып Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров сайланды.

Владислав Косарев фракция құрамындағы депутаттық өкілеттігін жалғастыра беретін болады.