Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2018

Қайрат Әбдірахманов Нильс Анненмен кездесті

357 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ГФР Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қайрат Әбдірахманов Нильс Анненмен кездесті

«Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықтың динамикасы қарым-қатынастың бүкіл ауқымы бойынша тұрақты даму сипатына ие болды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Канцлері Ангела Меркель арасындағы жоғары деңгейде тұрақты байланыстар ерекше маңыздылыққа ие», - деді Қ. Әбдірахманов.

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда айтарлықтай әлеуеттің бар екендігін атап өтті.

Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы сыртқы саяси және экономикалық белсенділіктің басым бағыты ретінде қарастырылатындығы туралы және ГФР-дың 2019-2020 жж. арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау көрсеткендігі үшін алғыс айтылды.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын жеке талқылап, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуін қанағаттанарлықпен атап өтті. Жалпы, 2017 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд. АҚШ долларға жетті.

Инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуде айтарлықтай әлеуеттің бар екендігі атап өтілді. 2017 жылы Қазақстан экономикасына Германияның тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 345 млн. АҚШ доллардан асты. Жалпы, 2005 жылғы қаңтардан 2018 жылдың қаңтарына дейін Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағымы 4,2 млрд. АҚШ доллардан асып түсті.

Қазақстан экономикасына неміс инвестициялардың 90 пайыздан астамы «шикізаттық емес» салаға, атап айтқанда өңдеу өнеркәсібіне, химия өнеркәсібіне, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және агрокешеніне жататыны ерекше атап өтілді. Осыған байланысты, Германияның Индустрия 4.0 өнеркәсіптік технологияларды енгізудегі жетістіктерін ескере отырып, аталған саладағы алдағы ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді. Бұған шикізат, өнеркәсіптік және технологиялық салалардағы Әріптестік туралы екі жақты келісім жақсы демеу береді.

Тараптар өзара іс-қимылдың қолданыстағы және жаңа институттар арқылы екі жақты байланыстардың өсу қарқынын қолдауды жалғастыруға уағдаласты.

Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша, соның ішінде Сирия мен КХДР жанындағы жағдай туралы пікір алмасты.