Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2018

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында астық үшін арпалыс қызып жатыр. Бүгінге дейін диқандар қамбаға 3 миллион тонна алтын дән құйды.

Қостанай облысының оңтүстік өңірі егін орағын аяқтап келеді

Бұл барлық егіс алқабының 73 пайызы бастырылып болды деген сөз. Гектар айналысы орташа 10,6 центнерден айналуда. Орақты алдымен облыстың оңтүстік өңіріндегі Жангелдин ауданы ғана аяқтады. Жиналған астықтың 2,5 миллион тоннасы бидай. 108 мың гектар алқаптың майлы дақылдары да жиналды.      

Астыққа аттаныс басталғалы облыс өңірінде ауық-ауық жаңбыр жауып тұр. Бұл диқандар қимылын амалсыз шабандатады. Бүгінге дейін Ұзынкөл, Сарыкөл, Қарабалық, Алтынсарин аудандарында алқаптың небәрі 64-67 пайызы жиналып алынды. Ылғалдың мол түсуі диқанға да, техникаға да қолбайлау. Дегенмен, қазан айының біріне дейін егіс алқабының барлығы дерлік жинап-теріліп алынатынына диқандар сеніммен қарайды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

Қостанай облысы