Парламент • 19 Қыркүйек, 2018

Сенатта – атыраулық ардагерлер

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Астанаға келген Атырау облысының бір топ ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Халық шаруашылығы мен экономиканың әр саласында еңбек етіп, елімізді көркейтуге атсалысқан атыраулық ардагерлер елордаға саяхаттап келген болатын.

Сенатта – атыраулық ардагерлер

Сенат Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров кездесуді аша келіп, бүгінгі таңда депутаттар корпусының атқарып жатқан жұмыстары туралы хабардар етті. Сондай-ақ еліміздің даму қарқыны мен жетістіктері туралы айта келіп, қазіргі заманда маңызды мәселелердің бірі – ұрпақ тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл ретте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттер аясында ел болашағы тәрбиелі ұрпақтың қолында екені атап өтілді. Ұрпақ тәрбиесі экономикалық мол табыстар мен технологиялық өркендеудің тасасында қалатын болса, ол қоғам үшін елеулі қауіптердің біріне айналады. Қоғам өркениетке қарай дамыған сайын рухани құлдыраудың да қатері байқалады. Төраға орынбасары тұрақтылық сақталмаған елдердегі босқыншылықты мы­салға ала отырып, бүгінгі ұрпақ­ты ел тәуелсіздігіне зиянды әр­түр­­лі қауіпті қатерлерден сақтан­дыру қажеттігін атап өтті. 

Кездесу барысында Қати­молла Ризуанов, Бақтыбек Тау­баев, Нұрмұхан Таңбай, Мәди­на Ғабдісәлімова және тағы басқа ардагерлер сөз алып, өз ойларын ортаға салды. Сенат­тың Экономикалық саясат, инно­вациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Асқар Бей­сенбаев та жастар тәрбиесі туралы пікірін білдірді.