Аударма • 19 Қыркүйек, 2018

Дамудың рецепті – балалардың ойнауы

606 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ойнап жүрген балалар туралы ең танымал сурет – Питер Брейгельдің 1560 жылы салған «Балалар ойыны» туындысы. Онда қала орталығында еңбектеген сәби мен кәмелетке жеткен жасөспірімдер ойынның түбін түсіріп жатыр. Қалада балалардан басқа ешкім жоқ һәм олардың әрекеті ойнаудың жүйелі түрін көрсетеді.

Дамудың рецепті – балалардың ойнауы

Джина МУН, «Нью-Йорк Таймс»

Перри КЛАСС, «Нью-Йорк Таймс»


Бірақ кейбіреулер қазіргі мәдениетіміз ойнауға қолайсыз болуынан және балалар оның қыр-сырына толық қанып үлгермеуі мүмкін екенінен қауіптенеді. 

Америкалық педиатрлар академиясы таяуда жариялаған бағ­дарлық мәлімдемесінде ойынға ынталандыратын, бел­сенді қимылдатып, өздері үшін шаттанарлық жаңалық ашатын әрекет ретінде анықтама береді. 

Ғылыми еңбекте ойынға даму мен неврология бойынша қар­қын­ды зерттеу жүргізілгені айтылып, «Жасырынбақ» (қайталанатын ойындар болжам жасау мүм­кін­дігін береді) және «Ұшты-ұшты» (импульстік бақылау және орындаушылық қабілетті шың­дай­ды) ойындарының нақты дамуға әсерін анықтауға тырыса­ды. Сондай-ақ онда дәрігер­лер сәбидің алғашқы екі жылдық өмі­рінде ата-аналар мен балақайларға «ойнаудың рецептін» жазып беріп, ойын арқылы үйренуге ынталандыру қажеттігін айтады. 

«Балалар ойнаудың XXI ға­сыр­­дағы тәсілдерін меңгереді», дейді Массачусетс штатындағы «Маунт Оберн ауруханасы» ам­була­то­риялық педиатрия бөлімі басшы­сы және мәлімдеменің авторы Доктор Майкл Йогман. Оған әлеуметтік және сезім тәсіл­дері, орындау қабілеті кіреді. М.Йогманның айтуынша, мұн­дай әдістер жаңа экономикаға бейім­делуге, ынтымақтасуға және инно­вация енгізуге көмектесу тұр­ғысынан үлкендер үшін де аса маңызға ие. 

Оның сөзіне қарағанда, пе­диатр­лық алғашқы көмектің бас­ты міндеті – балалар мен ата-ана ара­сындағы қарым-қатынасты кү­шейту және бұл тұрғыдан алғанда ойнаудың да мағынасы зор. 

Ол мұның тіпті жаңа туған нәресте үшін де маңызды екенін айтады. «3 айлық сәби күлсе, оған ата-анасы да күлімсіресе, мұндай қарым-қатынастың мәні зор ғана емес, тілді үйрену, әлеуметтік және сезім машығын, сондай-ақ қарым-қатынас жасауды дамыту үшін де маңызды», дейді М.Йог­ман. 
Кейінгі зерттеулер ойнау барысы ми­дың дамуына, оның құрылымы мен қызметіне әсер етіп, оның молекулярлық және жасушалық деңгейде көрінетін өзгерістерді бақылауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Ойын арқылы үйрену жас балалардың оқуға деген ішкі ынтасын оятады. 

Нью-Йорк университеті Ме­­ди­­­цина мектебі даму және мі­нез-құлық педиатриясының директоры Доктор Бенард Дре­йер­дің айтуынша, ата-аналар бала­ларының «құрылыс сатысына» көмектесуге әрдайым дайын бо­луы қажет. Мұның мағынасы мынада. «Балаңыздың не ойнап жүргенін бақылап отырмайсыз, бірақ олар келесі кезеңге өтуге әзір болғанда көмектесуіңіз керек», дейді ол. 

Осындай түрлі пікірлердің бәрін біріктіретін елеулі тақы­рып­тар бар. Олар: балалармен өзара әрекеттесудің маңызы, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап беру, құрдастарымен және ата-аналармен бетпе-бет әңгіменің құндылығы, экранға телміруден басқа да түрлі тәжірибелерді табуына көмектесудің мәні. 

«Ойнау – балалық шақтың ең маңызды сәті. Бұл олардың сезімдік, когнитивтік және тілдік тұрғыда дамуына әсер етеді», дейді Доктор Дрейер.

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»