Балуандар Бухаресте бақ сынайды

Биылғы жылы самбошылардың әлем чемпионаты 8-12 қараша аралығында Бухаресте өтеді. Айтулы жарыста 80-ге жуық мемлекеттен келген балуандар белдесіп, 27 жүлде жиынтығын сарапқа салады. Бұл жолы ерлер және әйелдер арасындағы белдесулермен қатар, әдеттегідей, жауынгерлік самбодан да сайыстар ұйымдастырылады. Дүбірлі додада күш сынасуға бел буғандар қатарында Қазақстанның да өрендері бар. 

Егемен Қазақстан
20.09.2018 3907
2

Дүбірлі дода қарсаңында отандық самбошылардың қол жеткізген көрсеткішіне азды-кемді тоқтала кетсек, ең бас­тысы, спорттың бұл түрінде же­ңіс­пен өрілген бай дәстүріміз бар. Елімізде мықты бапкерлік мектеп қалыптасып, байрақты бәсекелерде біздің балуандардың шоқтығы әркез биік болғанына қалың көрермен куә. КСРО дәуі­рінде қандастарымыздың арасынан екі әлем чемпионы шықты. Бұл көшті Диқанбай Биткөзов пен Марат Жақитов сынды атақты бапкерлерден тәлім-тәрбие алған Қанат Байшолақов бастады. 1984 жылы Мадридте өткен додада аса жеңіл салмақ дәрежесінде бел­дескен ол алтын тұғырға кө­терілді. Арада бес жыл өткен соң АҚШ-тың Уэст-Ориндж қала­сында ұйымдастырылған жарыс­та дәл сол салмақта бақ сынаған Батыр Қуанышевтің төл шәкірті Асқар Шайхиев бас жүлдені қанжығасына байлады. 

Өкінішке қарай, қазір алтын асықтай сол қос азамат та арамызда жоқ. 2000 жылдың мамыр айында түн жамылған киллер Оралдағы дәл өз үйінің іргесінде 37 жастағы Асқар Шайхиевті атып өлтірсе, 2011 жылдың қа­қа­ған қысында Қарағанды мен Жез­қазған тас жолының бойында 49 жастағы Қанат Байшолақовты «КамАЗ» көлігі қағып кетті. 

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан самбошыларының даң­қы шартарапқа жайылды. 1992 және 2017 жылдар аралығында 25 мәрте жалауы желбіреген әлем чемпионатының барлығында отандық балуандардың қан­жы­ғасы майланып, олар елге мол олжамен оралды. Мәселен, оралдық Ерболат Байбатыров қатарынан төрт рет (2008, 2009, 2010, 2011 ж.ж.) жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, ақтөбелік Асхат Шахаров үш мәрте (2000, 2004, 2005) сондай құрметке бө­ленді. Дүниежүзілік додаларда дара шығып, алтын медальді кеу­десінде жарқыратқандар қатар­ында Бауыржан Садықанов (1993), Қоныс Жетпісов (2001), Дәу­рен Жайнақов (2009), Азамат Мұ­қанов (2010), Бейімбет Қан­жанов (2015) және Есет Қуанов (2017) сынды жігіттер бар. 

Жоғарыда біз тек әлем чемпио­ны атанған азаматтардың ғана есімдерін атадық. Ал тәуелсіз елдің туын көтеріп, дербес команда ретінде халықаралық аренаға шыққалы бері күміс пен қола жүлдені иеленген қазақстандық самбошылардың саны 60-тан асып жығылды. Мысалы Ерболат Байбатыров төрт алтыннан бөлек, бір күміс (2016) пен қос қоланы (2007, 2012) еншіледі. Асхат Шахаровтың тағы бір күмісі (1999) мен екі қоласы (1998, 2002) бар. Қоныс Жетпісов екі рет ақтық сында (1998, 1999) күш сынасу мүмкіндігіне ие болды. Азамат Мұқанов өз қоржынын тағы төрт қола жүлдемен (2007, 2008, 2009, 2012) толықтырды. Есет Қуанов екі рет үшінші сатыға (2014, 2015) табан тіреді. Осыдан бірер жыл бұрын ғана Бейімбет Қанжановтың да қолаға (2017) қол созғаны есімізде. 

Әлем чемпионы атағына қол жеткізе алмаса да, біраз биік белестерді бағындырған ба­луан­дарымыздың да қатары қалың. Атап айтсақ, Асылбек Әлкей – бес (2012 – күміс, 2007, 2008, 2009, 2014 – қола), Дінмұхамед Мү­сірәлиев – төрт (2002 – күміс, 1997, 2000, 2005 – қола), Бірлес Есенғалиев – үш (2006 – күміс, 2003, 2004 – қола) және Сәлкен Жартыбаев (1992 – күміс, 1994 – қола) пен Арсен Хатип (2005 – күміс, 2010 – қола) – екі реттен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ Руслан Сейілханов, Зекен Шаймерденов, Ғалымжан Жылкелдиев, Берік Жетпісбаев, Қайрат Күнсафин, Марат Таха­нов, Ерлан Тәжіков және Тимур мен Медет Оңдағанов, Саят Шәмшиев сынды болмысы бөлек балуандардың жеңіс тұғырында марқайып тұрған сәттері күні бүгінгідей көз алдымызда. 

Қыздар арасынан әлемдік деңгейдегі жарыстарда жүлде алған тұңғыш қазақ самбошысы – Айсара Керімбекова. Ол Кеңес Одағы тұсында және еліміз еге­мендік алғаннан кейін де төрткүл дүниенің мықтылары бас қосқан жарыста жүлделі орындарды иеленіп, еңсемізді бір көтеріп тастады. 1995 жылы Токиода Сәуле Ғабдулинна әлем чемпионы атағына қол жеткізіп, барша жанкүйерлерді қуаныш пен шаттыққа бөледі. 2007 жылы Чехияда Раиса Байлиева және 2014 жылы Жапонияда Гауһар Тұрмаханова дәл сол белесті бағындырып, алтыннан алқа тағынды. 

Әр жылдары әлем чемпио­на­тында жүлде алған арулары­мыздың саны 50-ге жуықтайды. Солардың арасындағы ең атақ­тылары жайында айтсақ, Сәуле Ғабдуллина 1992 және 1996 жыл­дары қола алса, 2001 жылы кү­міспен күптелді. 1999, 2000, 2005, 2006 жылдары Раиса Байлиева үшінші орынды иеленді. 1999, 2001, 2005 жылдары Алмагүл Кашина қолаға қол созды. Динара Оразбекова, Қалжан Тайжанова, Келбет Нұрғазина, Ленария Меңғазова және Әлия Жылқыбаева сынды сұлулар екі реттен жеңіс тұғырына көтерілді. Ал осы күндері өнер көрсетіп жүр­ген балуандар арасынан Діл­дәш Күрішбаеваның қарқыны қуантарлық. 2014 жылғы әлемдік додада күміс медальді мойнына ілген Ділдәш 2013, 2015 және 2016 жылдары қола жүлдені ен­шіледі. 

Міне, қысқаша баяндасақ, Қазақстан самбосының қысқаша тари­хы осындай. Ал соңғы әлем чем­пионаты былтырғы жыл­дың қараша айында Сочиде ұйым­дас­тырылған болатын. Сол жарыста Есет Қуанов (62 кило) бас жүлдені олжаласа, Бейімбет Қанжанов (52 кило) пен Әлібек Зекенов (90 кило) қола медальді иеленді. Сондай-ақ Қазақстанның әйелдер құрамасы сапында белдескен Аида Қаршаева (56 кило) үшінші сатыға жайғасты. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.02.2019

Екатеринбургтағы жол апатында 5 қазақстандық зардап шекті

21.02.2019

Жамбылда аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін 10 жатақхана салынады

21.02.2019

Үкіметті уақытша басқару Асқар Маминге жүктелді

21.02.2019

Мемлекет басшысының мәлімдемесі

21.02.2019

Елбасы Үкіметті таратты

21.02.2019

Н.Нығматулин Аустрия Парламенті Ұлттық Кеңесінің төрағасымен кездесті

21.02.2019

Сенаторлар халықаралық келісімдерді ратификациялады

21.02.2019

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 20 мың тұрақты жұмыс орны ашылады

21.02.2019

Қызылордалық полицейлер заңсыз аң аулаушыларды ұстады

21.02.2019

Түркістан облысының өз футбол командасы құрылады

21.02.2019

Жайық өзені бойында ауқымды рейд өткізілді

21.02.2019

Биыл 65 мың ірі қара сатып алуға ақша бөлінеді

21.02.2019

Бас прокуратура өтемақы қорына өндіру тәртібін түсіндірді

21.02.2019

Қоғамға көмектесетін инклюзивті инновациялар

21.02.2019

Дариға Назарбаева Еуропалық Одақтың Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілімен кездесті

21.02.2019

Airastana 1 сәуірден бастап Қазақстан арқылы Ташкентке рейстерді ұлғайтады

21.02.2019

Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы неміс бизнес-қоғамдастығының өкілдерімен кездесті

21.02.2019

Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастық мәселесі талқыланды

21.02.2019

Семейлік оқушы-кәсіпкер Нәдір Сәбитов жиһаз шығаратын цех ашты

21.02.2019

Алексей Луценко «Оман турының» жеңімпазы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу