Экономика • 21 Қыркүйек, 2018

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвесторларды тарту мәселелері жө­нін­дегі Үкіметтік кеңестің отырысы өтті, онда Ұлттық инвес­тициялық стратегияны іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

Отырыс барысында Ұлт­тық инвестициялық страте­гияны іске асыру және елі­міздегі инвестициялық ахуал­ды одан әрі жақсарту мәсе­лелері қаралды. Атап айтқанда, Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар саласындағы үш тілді нормаларды шығару қызметіне көшуге, инвесторларды мем­лекеттік қолдаудың қолда­ныстағы шараларын жетілдіру мен оңтайландыруға, инвес­тициялық омбудсмен қыз­метінің тиімділігіне кешенді зерттеу жүргізуге, Қазақстанда инвесторлардың құқықтарын қорғаудың институттық тетік­тері мен саясатын іске асыруға қатысты тәсілдері, сондай-ақ инвесторлардың құ­қық­та­рын қорғауды жетіл­діру мен халықаралық сауда-сат­тық жағ­дайларын жақсар­ту мен логис­тикалық инфрақұ­ры­­лымды жаңғырту жөніндегі ұсыныстар қаралды. 

Шараға орталық мем­ле­кеттік органдардың өкілдері, сонымен қатар бейнеконференция байла­нысы режімінде бір­қатар өңір­лер мен респуб­ликалық маңыз­дағы қалалар­дың әкімдері қатысты.

Б.Сағынтаев кеңес қоры­тын­дысы бойынша өңірлер әкім­дерінің тарапынан инвес­ти­­ция­лық жобалар бойынша айтылған ұсыныстарды пы­сықтауды тапсырды.

Бақылау жұмыстары Пре­мьер-Министрдің бірінші орынбасары А.Маминге жүктелді.