Өнер • 22 Қыркүйек, 2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

665 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Лондонда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық музейінің «Фокус Қазақстан» ауқымды жобасының бірінші көрмесі ашылды.

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

Камила Ғабдуллина

«Көшпеліден кейінгі көкжиек» көрмесіне 33 суретші қатысады, олар постмодернизмнің заманауи тілінде көркем сурет, фотосурет, мүсін, инсталляция және видео секілді әртүрлі шығармашылық медиада жұмыс істейді.

Көрме шығармашылық тәжірибелер арқылы «көшпеліден кейінгі» тұжырымдамасын көрсететін қазіргі заманның суретшілері мен кеңестік ізашарлары арасындағы диалог түрінде Қазақстанның заманауи өнерін ұсынады.

Көрме кураторлары Индира Дүйсебаева мен Алия де Тизенгаузен әлемдік ағымдар негізінде Қазақстанның өнер тарихындағы жағдайды, сондай-ақ, жаһандану тұрғысынан қазақстандық әлеумет сипатын қарастыруды ұсынады.

Алия де Тизенгаузен атап өткендей, кеңестік кезең көшпелі өсір салтының түбегейлі жойылуына әкелді, ал қазіргі жаһандану дәуірі әлі де сақталып қалған көшпенділік нышандарына – дәстүрлері мен мәдениетіне ықпалын тигізуде.

«Постномадизм» ұғымы Қазақстанмен байланыстырылатын, кеңес дәуіріндегі суретшілер де, қазіргі замандастары да белсене қолданатын көшпенділер дәуірін білдіреді, "Көшпеліден кейінгі сана" көрменің ағылшын тіліндегі атауының сөзбе-сөз аудармасы. Бұл мағынасында "сана" сөзі біздің елмен байланыстырылатын визуалды таптаурындықтан арылып, суретшілердің еңбектерін өткен мен болашақты санада да, санадан тыс та қайта пысықтау ретінде талдауға деген құштарлықты айқындайды», — деді А. де Тизенгаузен.

Көрме жетекшілерінің айтуынша, ұсынылған жұмыстар суретшілердің көрерменнің алдына қойып отырған, көрермен национализм, традиционализм, консюмеризм, феминизм, постколониализм және постномадизм субъектісі немесе объектісі ретінде атқаратын түрлі рөлдері туралы сауалдары іспетті.

«Көшпеліден кейінгі көкжиек» көрмесіне келесі авторлардың жұмыстары қойылды: Салихитдин Айтбаев, Асхат Ахмедияров, Саид Атабеков, Сырлыбек Бекботаев, Александр Бибин, Бақыт Бүбіқанова, Ағымсалы Дүзелханов, Сәуле Дүйсенбина, Владимир Эйферт, Камила Ғабдуллина, Әсел Қадырханова, Әбілхан Қастеев, Дәурен Қастеев, Молдахмет Кеңбаев, Рустам Хальфин, Макум Кисамединов, Ғалым Маданов және Зәуреш Терекбай, Ғайша Маданова, Ербосын Мелдібеков, Алмагүл Меңлібаева, Еркін Мергенов, Гүлнұр Мұқажанова, Аза Шаденова, Сәуле Сүлейменова, Зитта Сұлтанбаева, Әбдірашит Садыханов, Бақтияр Табиев, Қанафия Телжанов, Александр Угай, Павел Зальцман, Владимир Твердохлебов, Шолпан Шарбақова.

Көрме кураторлары: Индира Дүйсебаева–Зиябек, Алия де Тизенгаузен, куратор-ассистент Алима Боранбаева және консультант Ольга Сова.

Көрме 16 қазанға дейін ашық болады. Өтетін орны: The Wapping Project: 37 Wapping Wall, St Katharine's & Wapping.

Мәселен, көрмеде Алмагүл Меңлібаеваның «Айша Бибі көбелектері» бейнеинсталляциясы ұсынылған, онда суретші өзінің көшпелі тамырын, Орта Азия халықтарының шамандық дәстүрлерін тереңінен тарта отырып, мифологиялық жүйелілігін аша түседі. Ербосын Мелдібековтің «Коммунизм шыңы» туындысы соңғы 130 жылдың ішінде атауы алты рет өзгертілген Памир шыңдарының бірінің ауысу процесі арқылы өңірдегі идеологиялық өзгерістерді зерделеуді білдіреді.

Ғалым Маданов және Зәуреш Терекбай дуэті көрмеде «Трансгрессия» инсталляциясын паш етті, бұл шығарма 54-ші Венеция биенналесінің Орталық Азия павильонында көрсетілген болатын. «Трансгрессия» — бұл қазақстандық қоғамда орын алған күрт және іргелі өзгерістерді ой елегінен өткізу.

Әсел Қадырханова өзінің «Машина» атты инсталляциясымен таныстырды. «Машина» — бұл 1930 жылдардағы сталиндік репрессияның аты-жөні белгісіз болып қалған миллиондаған құрбандарын еске алу, сондай-ақ, қамауға алу турал"ы бұйрықтарға қол қойғандардың жауапкершілік мәселесі, жеке адамның ұжымдық зорлық-зомбылықтағы рөлі мен орны туралы естелік.

Суретті түсірген: Камила Ғабдуллина