Президент • 22 Қыркүйек, 2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының төрайымы Нгуен Тхи Ким Нганға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Мемлекет басшысы  Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чан Дай Куангтің қайтыс болуы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Осы қайғылы сәтте орны толмас қазаға ортақтаса отырып, Сізге, марқұмның отбасына және туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын.

Чан Дай Куанг бар ғұмырын Вьетнамның дамуы мен өркендеуіне, халықаралық аренадағы беделін арттыруға арнады. Ол елдеріміз арасындағы достық және серіктестік қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқан көрнекті қайраткер ретінде қазақстандықтардың есінде қалады», – делінген жеделхатта.