Бокс • 24 Қыркүйек, 2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін бокстан ересектер арасында халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

Бокстан ересектер арасында БҚО-ның аға жаттықтырушысы Саттар Сұлтанғалиевтің айтуынша, бірінші рет ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан мен Тәжікстаннан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласынан қырыққа жуық спортшы қатысты. Турнир нәтижесінде салмақ дәрежелеріне қарай Нұрсұлтан Нұриденов (52 кг, БҚО), Сағындық Молдашев (57 кг, БҚО), Шербек Рахматуллаев (63 кг, Өзбекстан), Расул Жаңбырбай (69 кг, БҚО), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг, Қызылорда), Ерік Әлжанов (81 кг), Мағжан Базарбай (91 кг, екеуі де Маңғыстаудан) және Ислом Юсупов (+91 кг, Өзбекстан) чемпион атанды. «Алдағы жылы жарыс ауқымын бұдан да гөрі кеңірек етіп ұйымдастыруды көздеп отырмыз. Деңгейі жоғарылап, 80-90 боксшы келетін болады», - деді С.Сұлтанғалиев.