Тері экспортына шектеу қойылады

Таяуда Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаевтың төрағалығымен былғары кәсіпорындарын қолдауға арналған ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Алқалы жиында комиссия мүшелері сыртқы сауда саясатындағы мәселелерді, халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жайын, өңделмеген ірі қара малдың терісін экспорттауға тыйым салу тетіктерін қарастырды.  

Егемен Қазақстан
26.09.2018 14467
2

Қазақстандағы былғары кәсіпорын­дарына шикізат жетіспейтіндігі бұған дейін жиі айтылып жүрген жайттардың бірі екені белгілі. Мал терісінен жар­­тылай фабрикат және дайын өнім шы­ға­ратын кәсіпорындарды қажет­ті шикізатпен қамтамасыз ету мақ­сатында Инвестициялар және даму ми­нистрлігі 2016 жылдың қара­шасы­нан 2017 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасынан тыс­қары жерге өңделмеген ірі қара мал терісін шығармау жөніндегі бұйрық та шы­ғар­ған болатын. Министрлік­тің мәлі­­метіне сенсек, бұл шара нақты кәсіп­орындардың жұмысын жақ­сар­тып, өнімділігін арттыруға оң ық­па­лын тигізіпті. Осылайша 2015 жыл­­мен салыстырғанда дайын был­ғары өндірісінің көлемі 4,1 есеге ұлға­йып, 2017 жылы 15,5 млн шаршы дециметрді құраған. 

Мұндай оң динамика экспортта да байқалып отыр. Атап айтар болсақ, 2017 жылы иленген тері экспортының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 91 процентке артып, 164,9 мың тоннадан ( 506,7 мың доллар) 315,8 тоннаға (803,3 мың доллар) дейін өсті. Иленген терілердің орташа экспорттық бағасы жартылай фабрикаттар бағасынан 4 есе жоғары екенін де айта кеткен жөн. 

Қазақта «тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық» деген сөз бар. Жеңіл өнеркәсіпте ең жиі қолданылатыны сиырдың терісі десек, бір сиырдан алынған тері шамамен 20 килоға дейін тартады екен. Тері қабылдайтын орындарда оның әр килосы үшін 300 теңге төлейтінін ескерсек, 6 мың теңгедей пайда түседі деген сөз. Өкінішке қарай, өзіміздің фабрикаларымызға шикізат жетпей жатқан тұста сойылған малдардың терілерінің басым көпшілігі шетел асып кетеді. Түркия, Қытай, Ресей сынды көршілес елдерде оны терең­детіп өңдеп, түрлі тауар әзірлеп, кейін Қазақ­стан нарығына ондаған есе қым­бат бағаға қайта сатады. Елімізде жыл сайын 7 миллионнан астам мал сойылып, алынған терілерінің 98 проценті шетелге шығарылады. Өз елімізде өңделетін терінің үлесі 2 процент шамасында ғана. Ендігі уақытта ірі қара мал терісін экспорттауды шектеу осы олқылықтың орнын толтыруға тиіс. 

Жалпы, Қазақстанда өңделген тері­нің негізгі тұтынушылары – отан­дық аяқ киім, тігін фабрикалары, ателье, былғары-галантерея, ер-тұрман цехтары. Ресей мен Түркияның аяқ киім фабрикалары да біздің өнімді тұ­ты­нады. Ал жартылай фабрикаттар не­гізінен Италия, Түркия, Үндістан, Қытай, Ресей, Испания, Португалия елдерінің нарығына шығарылады екен. 

Соңғы жылдары елімізде жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау жасалып жатқаны белгілі. Мал терісін экспорттауға қа­тыс­­ты шектеу осы аталған саланың жү­гін жеңіл­детуге септігін тигізері сөзсіз. Киім, аяқ киім, галантерея өнім­­­дерін өндіру үшін шағын және ор­та бизнес кәсіпорындарын отандық ши­кі­­зат­пен толық қамтамасыз ету қа­жет екені түсінікті. Сонда ғана өнім­дер им­порттық өнімдермен бәсекелесе алады.

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан» 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Қайнар Олжай: Жас журналист жайын сияқты болуы керек (Видео)

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

19.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

19.10.2018

Оралда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

19.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

19.10.2018

Еуразия ынтымақтастығының маңызы зор

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті

19.10.2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

19.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

19.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты

19.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

19.10.2018

Президент «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді

19.10.2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

19.10.2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

19.10.2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жыл

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу