26 Қыркүйек, 2018

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордамызда екінші рет өтіп жатқан «Astana Media Week» шарасында  Ақпарат және коммуникациялар министрі, республикалық, аймақтық, шетелдік БАҚ өкілдері, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметкерлері бас қосты.  

Astana Media Week: Қазақстан телеарналары шетелдік экрандарда

Республикамыздың ақпарат агенттіктерінің шетелдік телеарналар мен басылымдарға ақпарат ұсынуы туралы «Хабар» агенттігінің «Халықаралық ақпараттар бөлімі» бас редакторының міндетін атқарушы Айдана Кәрібжанова айтып өтті.

Оның айтуынша, агенттік алғашқы жылдарынан-ақ жаһандық телерадиокорпорациялармен ынтымақтастық орнатқан. Олардың қатарында қытайлық CCTV, түркиялық TRT Avaz және Анадолы бар. Польшаның TVP, Өзбекстанның НТРК, Евронюс және France 24 арналарымен де достық байланыс орнатылған.

Сонымен қатар, Қазақ радиоларының көшпелі студиясы Қазмедиа орталығындағы көрме залынан тікелей толқында ақпарат таратуда.

Үш күнге созылатын медиашарада Digital маркетингтің жаңалықтары, цифрлік экономика сынды тақырыптар қозғалмақ.