Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2018

Жаңа орталық жұмысты жеңілдетеді

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрындары шетелдік азамат­тың Қазақстан аумағында еңбек етуі үшін берілетін рұқсат бес күн ішінде рәсімделетін еді. Енді бір сағаттың ішінде қажет құжаттарды заңдастыруға болады.

Жаңа орталық жұмысты жеңілдетеді

Атырау қаласында ашылған көші-қон қызметін көрсету орталығы осындай мүмкіндік туғызып отыр. «Бір терезе» қағи­даты бойынша жұмыс істей­тін орталық мигранттарға ел аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат беру, рұқсат мерзімін ұзарту, уақытша тіркеу, Қазақстанда тұрақты тұруға қалдыру қызметтерін көрсетеді. Медициналық тексеру, дактилоскопиядан өту, сақтандыру полисін рәсімдеп, ЖСН нөмірін алу секілді рәсім- д­ер де осында атқарылады. Бұрын мұндай орталық Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ғана болатын. Енді осы қатарға Атырау да қосылып отыр. 

Мұнайлы өңірге шекара асып келіп еңбек етуге ниетті­лер саны жыл санап артып келеді. Жыл басынан бері облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқар­масы­ның қызметкерлері 75 503 шетелдіктің уақытша тіркелуін рәсімдеген. Басқарма басшысы Болат Досқалиевтің айтуынша, биыл 55 мың мигрант Қазақстан аумағында еңбек етуге рұқсат алуға, рұқсат мерзімін ұзартуға құжат тапсырған.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ