Жазғы спорт • 27 Қыркүйек, 2018

Әлем чемпионаты. Луценко 13-ші келді

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алексей Луценко Әлем чемпионатында «жекелей уақытқа арналған сында» 13-нәтиже көрсетті.

Әлем чемпионаты. Луценко 13-ші келді

Инсбрук қаласында тас жолдағы велоспорттан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс жолына жекелей сында бақ сынаған қыздар мен ерлер, сонымен қатар, жастар мен жасөспірімдер шықты.

Қазақстан намысын қорғаған шабандоздар арасынан тек Алексей Луценко ғана жоғарғы нәтиже тіркей алды. Ол 52,5 шақырымға арналған жекелей сында 13-болып мәре сызығын кесті.

Ал қыздар арасынан 27,8 шақырымға арналған жарысқа Наталья Сайфутдинова мен Фаина Потаповалар қатысты. Олар 43 және 45 орындарға жайғасты.

Жасөспірімдер арасындағы сайыста ТОП-20 құрамына екі шабандозымыз енді. Даниил Пронский мен Глеб Брусенский – 17 және 20-орындарды иеленсе, Евгений Федоров 22-орын алды.