Әлем • 28 Қыркүйек, 2018

Брексит: Бірқатар халықаралық банктер Лондоннан көшеді

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Брексит» себебінен қаржы әлеміндегі 630 жұмыс орны Ұлыбританиядан басқа мемлекеттерге көшірілген, деп хабарлайды Euronews.

Брексит: Бірқатар халықаралық банктер Лондоннан көшеді

Reuters  агенттігінің Біріккен корольдік аймағындағы 134 компанияда жүргізген сауалнама нәтижесінде, бүгінде қаржы институттары «брексит» себебінен 5800 жұмыскерін көшіруге бел буған. Сауалнамаға қатысқандардың көбі әзірге мейілінше аз трансфер жасауға тырысып жатқанын айтты. Өйткені, «брексит» шарттары туралы келісім ЕО нарығына жол ашпақ.

Ал Helabа неміс банкінің аналитиктері жасаған зерттеу нәтижелері бойынша, 25 халықаралық банк басшылығы жұмысшыларының жартысын Лондоннан Франкфуртке көшірмек ойымен бөлісті.

Сарапшылар Лондонның әлі күнге дейін ең үлкен қаржы орталығы екенін айтуда, алайда Франкфурт бәсекелестік позициясын арттырмақ.

Соңғы жаңалықтар