Кәсіпқой бокс • 29 Қыркүйек, 2018

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Америкадағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісі

Кездесуден кейін пікірімен бөліскен Жәнібек алдағы уақыттағы кездесулерге жақсылап дайындалатын жеткізді.

«Америкадағы дебютті жасап болдым. Бәрі ойдағыдай. Америкадағы алғашқы жекпе-жек болғаннан кейін өнерімді толықтай көрсеткім келді. Енді алдағы кездесуге жақсылап дайындалу керек», деді Жәнібек.

Жәнібек АҚШ-тың Калифорния штатындағы Окленд қаласында колумбиялық Карлос Гальванмен (16-7-1, 15 КО) кездесті. Төрешілердің шешімімен жеңіс Жәнібектің қанжығасына байланды. 60:54 ұпайына ие болып, кәсіпқой бокста үшінші рет жеңіске жетті. Ал 28 жастағы қарсыласы Карлос Гальван карьерасында сегізінші рет жеңіліс тапты.

Қазақстандық кәсіпқой боксшының келесі кездесуі 3 қараша күні АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өтеді. Кезекті қарсыласы – америкалық Вон Александр. Бұл боксшы өзінің қылмыстық өмірбаянымен танымал. Вон Александер қару кезеніп, кісі тонағаны үшін 11 жыл бойы түрмеде отырып шыққан.